Есептеу ғылымының пайда болуы. Нақты тәжірибелік зерттеулер-
ге виртуалдық (шынайы емес) зерттеулер қосылды. Ерекше күрделі
құрылымдарды оларда болып жататын үдерістерді «машинаға ұқсату»
арқылы зерттеуге жол ашылды.
Ал енді негізгі философиялық мектептер мен бағыттарға талдау
жасайтын уақыт келген сияқты.
8.3. ғылым философиясы ретіндегі неопозитивизм
неопозитивизм (лат. neo – жаңа, positivus – оң, дұрыс) – ғылыми
техникалық ілгерілеу шектерінде пайда болған және қазіргі ғылымның
теориялық-танымдық мәселелерін басты санайтын осы заманғы Батыс
философиясы бастауын Огюст конт (1798-1857) шығармашылығынан
алады. Оның асқан таланты мен ақыл-ой қабілеттері ерте танылды:
14 жасында ол өзінің діни және саяси көзқарастарын қайта қарап, өзін
атеист және республикашыл деп жариялауы арқылы католик және роя-
лист, яғни монархияны жақтаушылар болып табылатын ата-анасының
көңілін қатты қалдырды. Ол 15 жасында институтқа қабылдау ем-
тихандарын жоғары бағаларға тапсырғанмен, жас болуы себепті
оқуға келесі жылы қабылданды. Алайда онда екі жыл ғана оқып,
студенттердің қозғалысына қатысқаны үшін оқудан шығарылды. Оған
Огюст оншалықты қапалана қоймады, өйткені екі жылдың ішінде ол
бар бағдарламаны игеріп болған-ды. Ары қарай ол білімін өз бетінше
жалғастырды.
Дарынды жас жігітке ұлы ойшыл-утопист граф де Сен-Симон на-
зар аударып, оны өзіне хатшылық жұмысқа шақырады. Конт Сен-
Симонмен жеті жыл бірге жұмыс істейді. Бірақ екі данышпан ұзақ
уақыт бірге жұмыс істесе алмайтын болды: Огюстің өне бойы өз
көзқарасынан танбауы, өзінікін дұрыс санауы олардың қарым-
қатынастарын қиындатып жіберді.
Алайда ол тамаша мектептен өтті, сондықтан Сен-Симоннан кет-
кенмен, өз өмірін толықтай ғылымға арнап, 1826 жылдан бастап оған
әлемдік даңқ сыйлаған іргелі еңбегі – алты томнан тұратын «Оң фило-
софия курсын» жазумен айналысады.
XIX ғасыр ғылымының екі басты қағидасы Конт атымен байланыс-
ты:
а) кез келген «оң» (іс жүзіндегі) білімнің салыстырмалылығын
тану;
ә) жүйелеу және саралау көмегімен «ғылыми фактілерді» жинақ-
тауға және қорытындылауға ұмтылу.
247
Соңғысы арқылы Конт бақылаудың, тәжірибе жасаудың және
өлшеудің ғана деректерін емес, солардың бастауы («жасырын»
себептері) ретінде қайта жасалуы мүмкін нәрселерді де, сондай-ақ
өзі «табиғаттың орнықты фактілері» деп айқындаған заңдарды да
түсінген. «Оңдардың» қатарына ол «сананы қоса алғанда, адамның өзі
туралы» білімін де жатқызады.
Басты ғылым деп Конт әлеуметтануды (социология) жариялайды.
Конт әлеуметтанудың негізін салушы болып санала ма деген сұрақ дау
тудырады және аталған терминді қолданбаса да, көзқарастары, әрине,
әлеуметтік болған алдыңғы ойшылдарға (Монтескьё, Сен-Симон, Фер-
гюсон және басқалары бар) қалай қарауға байланысты.
Егер Гегельдің панлогизміне Шопенгауэр Әлемдік ерікті, Кьёр-
кегор адамның өмір сүруін қарсы қойса, ал Конт жекелеген арнайы
ғылымдардың нәтижелеріне негізделген философиялық қағидаларды
қарсы қояды. Нәтижесінде, ол философия – нақтылықты өз
бетінше зерттейтін, бірақ өмір сүруге құқы жоқ іргелі ғылым деген
қорытындыға келеді. Жеке ғылымдардың дамуына байланысты фило-
софия банкроттыққа ұшырады, ол бар байлығын үш қызына бөліп
беріп, қартайғанда кедей пақырға айналып, жападан-жалғыз қалған
король Лирге ұқсайды. Философия өте-мөте жалпы ұғымдармен бай-
ланысты болғандықтан, оларды лақтырып тастау керек, олардың ор-
нын нақты ғылыми білімді жүйелеу және сипаттау алуға тиіс.
О.Конттың ойынша, адамзаттың рухани дамуы үш сатыдан өткен:
а) теологиялық саты – ерте заманнан басталып, Табиғаттың
барлық құпия күштері Құдайдың көріпкелдігімен түсіндірілетін XIV
ғасырмен аяқталады;
ә) метафизикалық саты (XIV-XVIII ғғ.) – онда алдыңғы көзқарас-
тарды теріске шығару және болмыстың (материя, форма, рух және т.б.)
шекті негіздемелерін іздеуде жалпыға ортақ түсініктерді қалыптастыру
орын алады;
б) оң саты (XIX ғасырдан басталады) – ол өнеркәсіптік қоғамның
дүниеге келуіне және тексерілген фактілерге негізделген, нақтылықты
шынайы ғылыми игеруді дамытудың алғышарттарының пайда болуы-
на байланысты.
Айтылғандарға орай, О.Конт өз заманының ғылыми білімін
жүйелеуді және саралауды жүзеге асырды. Ғылымдағы әрбір жаңа
бағыт өз алғышарттары ретінде алдыңғы жетістіктерге сүйенеді. Алай-
да оны алдыңғы жинақталған білімдер негізінде толық түсіну қиын,
өйткені өзіндік түсінік құралы пайда болады. Осындай қағидаларды
248
басшылыққа алып, О.Конт ғылыми білімнің келесідей: математи-
Достарыңызбен бөлісу: |