ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


ка  –  астрономия  –  физика  –  химия  –  биология  –  әлеуметтану



Pdf көрінісі
бет249/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   440
ка  –  астрономия  –  физика  –  химия  –  биология  –  әлеуметтану 

дейтін  сараптамасын  (бөлінуін)  іске  асырады.  Осы  жіктемеге  сәйкес, 

әлеуметтану  биология  жетістіктеріне  сүйенгенмен,  бірақ  қоғамдағы 

адамдардың  өзара  іс-әрекеттеріне  байланысты  жаңа  заңдылықтарды 

табады. Әлеуметтанудың негізгі мақсаты – қоғамның ұйымшылдығы 

мен  жаңа-жаңа  сатыларға  көтерілуін  бір-бірімен  ұштастыру.  Ал  ол 

үшін  адамзаттың  жаңа  біртұтас  діні  керек,  өйткені  ескі  діндер  бір-

бірлерімен  қарама-қайшылықтарға  келіп,  адамзатты  бөлшектеп, 

алауыздық  тудырады.  Ол,  Конттың  пікірінше,  адамзаттың  тегінде 

жатқан  ақсүйектер  діні  болуға  тиіс.  Сондықтан  ол  адамдарды  құдай-

ларға емес, адамзаттың өзіне табынуға шақырады.

О.Конттың  замандастары  оның  соңғы  идеясына  теріс  қарағанмен, 

ол бүгінгі күні де өзекті, өйткені қазіргі заманның адамзаты мағыналы 

өмір  бағдары  дағдарысын  бастан  кешу  үстінде.  Бірде-бір  әлемдік  дін 

қазіргі  заманғы  адамзатты  толықтай  қанағаттандыра  алмайды.  Осы 

кездегі  діндердің  жақсы  жақтарын  топтастыра  алатын  біртұтас  жаңа 

Әлемдік дінді іздеу жүріп жатыр.

Конттың  ойынша,  оң  білім  –  ол  «іс  жүзінде  бар»,  «шын  мәнінде 

бар» дегендердің барлығының білімі. Сондықтан оң білім – ол «шын 

мәнінде  бар  нәрсе  туралы  білім»,  құбылыс  ретінде  «біз  үшін»  бар, 

қандай  да  бір  «метафизикалық  болжамдарсыз»,  басқаша  айтқанда, 

«өзіндік заттар», «дара түпнегіз» немесе «дара субъект» сияқты сурет-

телуге тиіс білім.

Конттың  пікірінше,  шынайы  «оң»  білім  сезімдік  қабылдауларға 

байланысты  қашанда  салыстырмалы,  өйткені  қабылдау  үдерісінің 

өзі – ол құбылыстардың уақытша үйлесімі және олардың кеңістіктегі 

бағытынан  басқа  ештеңе  де  емес.  Осыдан  келіп  болмыс  фактілердің 

жиынтығы  ретінде  «имманенттік»  (ішкі  түйсікке  тән)  түрде  берілген 

деген  қорытынды  шығады.  Бұндай  ұстаным  трансценденттікке, 

яғни  әлемнен  тыс  жатқан  құбылыстарға  жету  мүмкіндігіне  сенетін 

метафизикаға қарсы бағытталған.

Ғылымдағы  жаңадан  ашылған  жаңалықтар  (бәрінен  бұрын  физи-

ка  мен  психологиядағы)  классикалық  позитивизм  негіздемелерінің 

дағдарысын тудырды. Ал соның нәтижесінде оның жаңарған формасы 

–  эмпириокритицизм  немесе  тәжірибені  сыни  зерттеу  пайда  болды. 

«Бірінші» позитивизмнен айырмашылығы – екінші кезеңнің басты ны-

санасы  ғылыми  тұрғыда  ойлаудың  өзі  және  білім  құру  механизмдері 

болды.  Оның  пайда  болуы  кездейсоқтық  емес  еді.  Нақ  осы  уақытта 




249

адам  даналығының  көзге  көрінбейтін  микроәлемге  (электронның, 

радиоактивтік  сәулелердің  және  т.б.  ашылуы)  енуі  орын  алды. 

Олардың табиғатына физиканың ескі механистік қағидалары жолдары-

мен жету мүмкін болмады. Жаратылысты зерттеушілерді электронның 

тыныштық жиыны болмайтыны таңдандырды. Бұл француз математигі 

А.Пуанкаренің: «Олай болса, материя жоғалды», – деп мәлімдеуіне се-

беп  болды.  А.Эйнштейннің  салыстырмалылық  теориясының  негізгі 

қағидаларына қалай жетуге болады? Осы және басқа сұрақтарға Эрнст 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет