ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет280/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   440
«Бостандықтан безу» (1941) атты еңбегінде орын берген-ді.

Фроммның  пікірінше,  тұлғаның  қалыптасуында  әлеуметтік  фак-

торлар  шешуші  рөл  атқарады.  Осы  заманғы  Батыс  қоғамдарындағы 

миллиондаған  адамдардың  жүйке  жүйесі  тозуының  себептерін 

ол  адамның  өмір  сүруінің  шынайы  мағыналарының  шеттетілуіне 

келтіретін «машиналау» және «компьютерлеу» үдерістерінен көреді.

1

  Люмпен-пролетариат  –  нем.  –  Lumpenproletatiat:  1)  жұмысшы  табының  төменгі  топта-



рын белгілеу үшін К.Маркс енгізген ұғым; 2) кейіннен адамгершілік тұрғыда іріп-шіріген, 

құлдыраған  адамдар  тобыры  (оның  ішінде  қаңғыбастар,  тақыр  кедейлер,  қылмыскерлер) 

солай аталатын болды.



286

Қазіргі заманғы қоғамдарда болмыс тұжырымдамасы емес, ие болу, 



иелену үстемдік ететін болды. Нәтижесінде, «жинақтау», «нарықтық», 

біреуге  арқа  сүйеу,  яғни  «масылдық»  сияқты  әлеуметтік  сипаттар 

қалыптасып келеді.

Ал  адамның  өзінің  тіршілік  етуінің  шынайы  мағыналарынан 

алшақтауының  аса  көрнекті  мысалы  «азаттықтан  қашу»,  есірткі  мен 

араққұмарлықтың батпағына бату және әлеуметтік ауытқушылықтың 

басқа да түрлері болып отыр.

Науқас  қоғамды  емдеп  жазуға  бола  ма?  Э.Фроммның  пікірінше, 

ол  үшін:  «гуманистік  жоспарлауды»  іске  асыру,  оны  өмірге 

енгізу  керек,  иеленудің  жинақтаушы  психологиясынан  арылып, 

басқарудың  «қитұрқы»  формаларынан  және  басқа  да  кемшіліктерден 

бас  тарту  қажет.  Қоғамды  басқарудың  гуманистік  формалары 

қарапайым  адамдардың  өмірдің  әлеуметтік  мәселелеріне,  болмыс 

құндылықтарының  басымдығына,  шығармашылық  істе  тұлғаның  өз-

өзін жетілдіруге қызығушылығы оянуына жеткізер еді.

Сонымен  бірге  Э.Фромм  адамның  тіршілік  етуінің  жойылмайтын 



қасіретті жақтарын да көрсетеді. Олар «адам – кеңістік пен уақытта 

шектеулі,  өмір  мен  өлім  арасында  жүретін  және  әрекет  ететін  тірі 

тіршілік иесі» деген тұжырымға байланысты. Сондықтан ол шектеулі 

өмірінің барысында өзінің барлық дарындылығын ашып көрсетіп, ал-

дына қойған мақсат-міндеттерін іске асырып үлгіре алмайды.

Бірақ  тіпті  осы  жағдайда  да  тіршілік  етудің:  ие  болу  немесе  болу 

(өзі)  деген  екі  тәсілі  орын  алады.  Біріншісінде  тұжырымға:  «Өзімде 

не бар, нені тұтынамын – мен солмын» деген ереже алынады. Фромм 

жекешілдер  мен  тұтынушылар  –  консумистерге  (лат.  –  consume  – 

тұтынамын)  Бұдданың  жеке  меншікке  ұмтылмау  туралы  ұранын 

ұмытпауды  еске  салады.  Иса  Мәсіх:  «Бар  әлемді  иеленген,  ал  өзін 

жоғалтқан адамға ештеңе де жұбаныш бола алмайды», – деген. Маркс 

«байлық та – кедейлік сияқты кемістік» екенін айтып, болмыстың қақ 

ортасында болуға кеңес береді, бұл көп иеленудің қажеті жоқ дегенді 

білдіреді  (бұл  жерде  Фромм  Маркстің  «шынайы»,  әлі  бұрмаланып 

үлгірмеген  пікіріне  сілтеме  жасаған).  Адам  болмысының  модальдығы 

(лат. modus – тәсіл, рай (тіл біліміндегі. – Аудармашы) – «тәуелсіздік, 

еркіндік және сыни ақыл-ойдың болуы». Болмыстың маңызды сипат-

тамасы – белсенді болу, бірақ сыртқы әбігершілік мағынасында емес, 

ішкі өнімділік мағынасында. Бұл – жаңару, жетілу, сүю, өз «МЕНінің» 

оқшау мекенінен шығу деген сөз.

Фромм  Маркс  еңбектерінің  орасан  зор  әсерін  сезді.  Фрейд  пен 

Маркс  идеяларын  салыстыра  келе,  олардың  арасындағы  қарама-



287

қайшылықтарды  көрсете  отырып,  ол  басқа  бір  синтез  құруға 

әрекеттенді. Сондықтан да Фромм көбінесе тұлғаның маркстік идеяға 

бағытталған  теоретигі  деп  аталып  жүрді,  бірақ  оған  өзін  диалектика 

гуманисі деп атаған ұнайтын.

Фроммның  ойынша,  адам  тұлғасы  нақты  бір  қоғам  беретін 

мүмкіндіктерге сәйкес дамыса, ал әлеуметтік сипат осы қоғамның та-

лаптарына сай дамиды.

Фромм  әлеуметтік  сипаттың  өзіне  замандас  қоғамнан  тапқан: 

ұсынылатын  (рецепт  сияқты),  пайдаланушылық,  жинақтаушы, 

нарықтық  және  өнімділік  сияқты  бес  тұрпатын  ажыратып  көрсеткен 

және суреттеген.

Бұл  тұрпаттар  жеке  тұлғаның  әлемге  және  бір-бірлеріне 

қатынасының  тәсілі  болып  табылады.  Аталғандардың  соңғысын 

ғана  Фромм  дұрыс  және  Маркстің  «еркін,  саналы  белсенділік»  деп 

атағанына  сай  деп  бағалайды.  Ол  сипаттың  тағы  екі:  өлі  нәрсеге 

бағытталушылықты  іске  асыратын  жансыз  (Маркс  бойынша:  «Өлі 

ұрпақтардың  дәстүрлері  тірілердің  санасын  қорқынышты  түстей  ба-

сып,  ауырлатады»)  және  оған  қарама-қарсы  –  өмірге  деген  сүйіспен-

шілікті іске асыратын жанды тұрпатын суреттейді.

Адам  мен  қоғамның  қатынастары  мәселесінің  Фромм  үшін  үлкен 

маңызы  болды  және  оған  үнемі  қайта  оралып  отырды.  Ол  төмендегі 

ережелердің шынайылығына сенді:

а) адам жаратылысынан мәнді табиғатқа ие;

ә)  қоғамды  адамдар  осы  мәнді  табиғат  жүзеге  асыра  алуы  үшін 

құрған;


б)  осы  уақытқа  дейін  бірде-бір  қоғам  толығымен  адамның  негізгі 

мұқтаждықтарын елемеді;

в) бірақ ондай қоғам құрылуы мүмкін.

Сөйтіп,  Фрейд  және  оның  ізбасарлары  айтқан  психосараптамалық 

идеялар  әртүрлі  теориялық  ұстанымдарды  білдірсе  де,  сол  заманғы 

Батыстың  әлеуметтік  философиясының,  психологиясының,  әлеумет-

тануының  тұжырымдамалық  құрылымына  және  гуманитарлық  ғы-

лымдардың тұтас кешеніне табиғи байланыстылықпен енді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет