285
ұмтылады. Ой мен сөздің, сана мен бастамашылықтың бостандығы
бүтін қоғамның тағдырын бөліседі. Белгіленген әлеуметтік тәртіптерге
қатысты сынның толық жойылуы тән болған бірөлшемді адам осындай
қоғамда қалыптасады. Осындай жағдайларда өзгерістердің қозғаушы
күші барлық әлеуметтік құндылықтардан БАС ТАРТУ болып табыла-
ды, ал революциялық көтерілістердің бастамашылығы «аутсайдерлер-
ге» (люмпендер
1
мен жұмыссыздарға), сондай-ақ түпкілікті зияткерлер
мен студенттерге өтеді.
Егер Фрейд сөзсіз бостандықты шектеулі құрылған өркениеттің
бағасы ретінде санаса, Маркузенің пайымдауынша, бұл мүлде «өмір
бойы ақы төлеу керек» дегенді білдірмейді.
Маркузенің пікірінше, капитализмнің дамуы көп нәрсені өзгертті,
ал енді жаңарту үшін күрес Маркс көрсеткен жолмен жүре алмайды,
өйткені «бірөлшемді қоғамның тоталитарлық үрдістері қарсылықтың
дәстүрлі формаларын тиімсіз етеді...».
Фрейдизмді жаңартуға тырысып және негізге либидоны, яғни
жыныстық ырықсыз сезімді ғана алып, Маркузе өткен жүзжылдықтың
60-70 жылдарындағы жастар бүлікшілігі кезеңінің Еуропадағы
«жыныстық революция» үдерістерін түсіндіруге әрекет жасады.
Неофрейдизмнің келесі жетекші өкілі – неміс-американдық фило-
соф, әлеуметтанушы және психолог Эрих Фромм болды. Ол Фрейдтің
биологизмін теріске шығарды және санадан тыс әрекет нышанын қайта
қарап, адамдардың назарын басылып-жаншылған жыныстық ырықсыз
сезімнен әлеуметтік себептерден туған дау-дамай жағдайларына
аударды. Фромм адамның психикасы мен қоғамның әлеуметтік
құрылымы арасындағы байланыстырушы тармақ ретінде «әлеуметтік
сипат» ұғымын енгізді.
Сол заманғы қоғам дағдарысының себептерін талдауға оның ең та-
нымал еңбектерінің бірі «Ие болу немесе болу» (1976) арналды. Бірақ
бастапқыда бұл кітаптың көптеген идеяларына автор кең тараған
Достарыңызбен бөлісу: