түсініктер, пайымдар мен ой тұжырымдары жатады. Түсініктен
бастайық. Онда адамға қажетті заттар мен құбылыстардың жалпы,
маңызды, керек жақтары көрінеді. Кезінде Г.Гегель өте бейнелі түрде:
«Түсінік – табиғаттың жаны», – деп анықтама берген. Түсініктің
мазмұнына белгілі бір топтың көптеген заттарының маңызды
қасиеттері кіреді. Түсініктер, бір жағынан, қоршаған әлемнің зат-
тары мен құбылыстарының сапаларын олардың бізге қажетті өзара
байланыстарының бар мүмкіндігін, ал, екінші жағынан, адам ойы та-
нып білетін әлемнің белсенділігі мен қуатын, нәтижелілігін көрсетеді.
Түсініктерді бір-бірлерімен ұштастыра отырып, адам белгілі бір
пікірге келе алады. Ол пайым деп аталады. Егер: Адам – ойлайтын тірі
тіршілік иесі», – десек, онда біз ол туралы белгілі бір пайымымызды
немесе пікірімізді айтқан боламыз. Бірнеше пайымды бір-бірлерімен
ұштастыра айтып, ой тұжырымына келуге болады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |