ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет3/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   440
кіРіспе сөз

Реформалар барысында кейінгі жылдары жоғары білім саласында, 

оның ішінде ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау ісінде де елеулі 

өзгерістер  орын  алып  жатыр.  Олардың  қатарына  аспиранттар  мен 

магистранттарға  арналған  «Ғылым  тарихы  және  философиясы» 

деп  аталатын  жаңа  курстың  енгізілуін,  сонымен  қатар  бұл  пәннің 

сол  бойынша  арнайы  емтихан  тапсырылатын  міндетті  пән  санала-

тынын  жатқызуға  болады.  Шын  мәнінде,  аталған  курстың  қазіргі 

заман  талаптарына  сай  екенін  айтуға  болады.  Тәуелсіздік  алғалы 

біздің еліміз экономикалық және саяси тұрғыда өте дамыған елдердің 

қатарында тұруды мақсат етіп және соған ұмтыла отырып, ілгері 

жылжудың  «қуып  жететін  даму»  сатысынан  өтіп  келеді.  Ал  ол 

үшін  табиғи-ғылыми,  әлеуметтік-гуманитарлық  және  техникалық 

білімдердің  қазіргі  заманға  сай  жетістіктерін  меңгеру  қажет, 

жұртшылық білімдерінің жалпы деңгейін жаңа биіктерге көтеру ке-

рек. Сондықтан ғылымның «тар жол, тайғақ кешуіне» бет алған жас 

мамандар  ғылыми  танымның  ғылымның  тарихи  қойнауларында  пай-

да болған әдістері мен түрлерін, ғылымның философиялық негіздерін, 

оның әлеуметтік, экологиялық, рухани-өнегелілік салдарларын, әлемнің 

қазіргі заманғы ғылыми бейнесін көріп білуге тиіс.

Соған байланысты бүгінгі таңда аталған курс бойынша қажетті 

және  тұшымды  білім  алуға  лайық  оқу  құралдарының,  әдістемелік 

әдебиеттің  тапшылығы  байқалады.  Соны  негізге  ала  отырып, 

оқырман  қауым,  қолдарыңыздағы  осы  оқу  құралының  орын  алып 

отырған  олқылықты  толтыруға  белгілі  бір  дәрежеде  септігін 

тигізетініне үміт артамыз.

Оқу  құралы,  негізінен,  үлкен  үш  тараудан  тұрады.  Біріншісінде 

ғылым  қоғамның  әлеуметтік  институты  ретінде,  ал  пайда  болуы 

ғылымның басқа түрлерімен өзара байланыста қарастырылады.

Екінші  тарауында  ғылым  мен  философияның  антика  дәуіріндегі 

шығу тегінен бастап, осы заманға дейінгі даму үдерісі талқыланады.

Ал  үшінші  тарауында  ғылым  философиясының  өзекті  мәселелері, 

оның  ішінде  ғылыми  таным  құрылымы,  оның  деңгейлері  мен  фор-

малары,  сондай-ақ  ғылыми-танымдық  әдістемесі,  білімдер  мен 

құндылықтардың  өзара  байланысы,  ғылыми-техникалық  дамудың 

әлеуметтік  салдарлары  кеңінен  талданады.  Бұл  жерде  әлемдік 


4

тарихтың  ғасырлар  мен  мыңжылдықтар  барысындағы  әлемнің 

ғылыми бейнесінің дамуына, дүниенің бүгінгі таңдағы ерекшеліктеріне 

баса назар аударылады.

Авторлардың алға қойған негізгі мақсаты – болашақ ғалымдардың 

бойларында  шығармашылық  қабілеттер  ояту,  терең  философиялық-

әдістемелік мәдениет, ғылымның тарихы мен философиясын зерттеу 

арқылы  ғылыми  дүниетаным,  сондай-ақ  ғылым  мен  қоғамның  өзара 

күрделі қарым-қатынастарын терең түсіну қабілетін қалыптастыру.

Бүгінгі  таңдағы  ғылымда  15000-ға  жуық  әртүрлі  бағыттардың 

бар  екені  жорамалданады,  бұл  салада  миллиондаған  ғалымдар, 

инженерлік-техникалық қызметкерлер, зертхана қызметкерлері және 

тағы басқалар еңбек етеді. Барлық осы бағыттарды және олардағы 

мәселелердің бәрін қамту – ақылға сыймайтын іс. Алайда, біздің ойы-

мызша,  ғылымның  дамуындағы  басты  басымдыққа  ие  бағыттарды 

және  олардың  қазіргі  заман  қоғамына  ықпал-әсерін  қарастыруға  бо-

лады.

Сол  себепті,  қымбатты  достар,  сіздерді  аталған  курсты  оқып 

білуге  шақырамыз  және  осы  қиындығы  мол  ғылым  жолына  түсуге 

толық  әзір  болуларыныз  үшін,  сіздерге  табандылық  пен  еңбекқорлық 

тілейміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет