ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет307/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   440
салыстыру,  өлшеу  сияқты  жалпы  әдістер  қолданылады.  Бұл 

соңғылардың  маңыздылығы  XX  ғасыр  ғылымында,  яғни  адамзат 

микроәлем  құбылыстарына  енген,  салыстырмалылық  теориясы  мен 

кванттық  механика  негіздері  салынған  кезде  ерекше  айқын  көрінді. 

Бұл  жерде  табиғатта  жарықтың  жылдамдығына  (300000  шақырым/

сек)  жақын  өтетін  үдерістерді  өлшеу,  қарапайым  бөлшектердің  (10-32 

см дәрежесі) мөлшерін өлшеу туралы сөз болып отыр. Ол жаңа өлшеу 

аспаптарын жасауға, оларды ары қарай жетілдіруге жеткізді.

Ғылымдағы  бақылау  жайында  біз  жалпылама  түрде  алдында  ай-

тып  өттік.  сынақтан  өткізу  туралы  айтар  болсақ,  зерттелетін  зат 

оның жорамалды жаңа қасиеттерін ашуға мүмкіндік беретін жасанды 

шарттарға  келтіріледі.  Ол  туралы  кейде  «табиғатты  сынау»  деп  ай-

тылады.  Зерттеуші  зерттеліп  жатқан  құбылысқа  «сұрақтар»  қойып, 

оларға  «жауап»  алады.  Әрине,  ондай  кезде  барлық  сұрақтарға  жа-

уап  алу  мүмкін  емес.  Сынақтың  мәні  зерттеу  нысанына  қойылатын 

сұрақтардың  ол  үшін  «түсінікті»  болуында,  яғни  оның  осы  уақытқа 

дейін ашылмаған қасиеттерін, байланыстарын білдіру екендігінде жа-

тыр.  Ал  егер  олай  болса,  онда  сынақ  зерттеуші  мен  табиғат  арасын-

да  ұйымдастырылған  «сұхбаттың»  ерекше  түрі  болып  шығады.  Бұл 

жердегі негізгі қиындық – табиғаттың ғалым қойған сұрақты түсіне 



алмауының  мүмкін  екендігі  және  алынған  жауапты  зерттеушінің 

дұрыс  түсінбеуінің  мүмкін  екендігі.  Алайда  ғылым  белсенділігінің 

жүзжылдықтары  ішінде  зерттеушілер  табиғатпен  өнімді  сұхбат 



құруды жүзеге асыру деңгейіне дейін өсті. Бүгінгі күні сынақтар өткізу 

барысында  зерттелетін  нысандардың  жаңа  қырлары  мен  қасиеттерін 

ашуға,  содан  кейін  оларды  математикалық  өңдеу  арқылы  бір  не-

месе  басқа  тұжырымдар,  заңдар  жасауға  мүмкіндік  беретін  қазіргі 

заманға  сай  әртүрлі  аспаптар  мен  құрал-жабдықтардың  кең  ауқымы 

қолданылады.

Алғаш рет сынақтар Қайта өрлеу дәуірінен бері қарай кең өткізіле 

бастады. Содан кейін олар Жаңа заманда кең құлаш жайды. Табиғатты 

сынақтан  өткізе  зерттеудің  негізінде  жатқан  сол  әлеуметтік-мәдени 

алғышарттар қандай болып еді? Олар төмендегідей:

–  таным субъектісі (зерттеуші) өзінің табиғатқа қарсы тұратынын 

сезінеді,  ол  сезінуге  қоғамның  артып  келе  жатқан  талаптарын 




319

қанағаттандыру  мақсатында  табиғатты  өзгерту  мүмкіндігін  түсіну 

және сену ілесе жүреді;

–  адамның  табиғат  үдерістеріне  тәжірибе  жолымен  қандай 

өзгерістерді  енгізгеніне  қарамастан,  жаңадан  құрылған  денелер  мен 

құбылыстар бәрібір табиғат заңдарына бағынады;

–    табиғаттағы  барлық  заттар  мен  құбылыстар  болмыста 

қаншалықты  қайталанатын  болса  да,  барлық  жерде  және  барлық 

уақыттарда болатын табиғи заңдылықтарға бағынады.

Барлық мүмкін болатын өлшемдер мен сынақ-тәжірибелер арқылы 

эмпириялық  (тәжірибелік)  білімдер  жинақталады.  Олардың  өзегі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет