ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет309/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   440
1.  Бақылау.  Зерттелетін  құбылыстарды  ғылыми  бақылау  заттар-

ды  және  адамдардың  өмірінде  күнделікті  болып  жататын  үдерістерді 

жай  ғана  бажайлап  қараудан  мүлдем  өзгеше.  Ол  «tabula  rasa»  –  таза 

тақта  емес,  өйткені  ғалым  зерттелетін  затқа  белгілі  бір  ұстанымдар 

тұрғысынан  келеді,  оның  басында  белгілі  бір  пікірге,  зерттелетін  зат 

немесе құбылысқа қатысты идеяға жақын бір нәрсе бар. Нәтижесінде, 

ол зерттелетін нысанның табиғатына қатысты бір немесе басқа жора-

малдарын растау немесе терістеу мақсатында сол затты жүйелі түрде 




320

бақылай  бастайды.  Бақылау  барысында  бірте-бірте  ғылыми  фактілер 

жинақталып және талданып, содан кейін әлдебір жүйеге келтіріледі.

Ғылыми бақылау жүргізудің алдында төмендегідей қатаң талаптар 

белгіленеді:

а)  зерттеудің айқын мақсатын қою;

ә)  зерттеу  әдістерін  мұқият  таңдау  және  зерттеу  жоспарларын 

мейлінше нақтылау;

б)  бақылауларды алдын ала әзірленген жүйелі формада өткізу;

в)  алынған  нәтижелердің  дұрыстығын  тұрақты  түрде  тексеріп 

отыру және қайтадан тексеру;

г)  бақылау  барысында  алынған  мағлұматтарды  өңдеу,  жүйелеу 

және терең айқындау және оларды ғылыми фактілерге айналдыру.

Бақылау  барысында  жасалған  қорытындылар,  тұжырымдар 

зерттелетін  заттар  мен  құбылыстардағы  әртүрлі  қасиеттерді,  байла-

ныстарды  білдіреді,  олардың  әлдебір  мазмұнын  анықтайды.  Бақылау 

барысында  алынған  нәтижелерді  қайта-қайта  растауға  болады.  Сол 

себепті  әртүрлі  ғылыми  қауымдастықтарда  зерттеу  нәтижелері  басы-

лымда  жарияланған  соң,  олардың  шынайылығын,  әлбетте,  берілген 

шарттар мен өлшеу стандарттары бойынша тексеру мүмкіндігі пайда 

болады.

Ғылыми  бақылауда  салыстыру,  өлшеу  және  сынақтан  өткізу 

шешуші  рөл  атқарады.  Заттардың  ғылыми  бақылау  нәтижесінде 

ашылған  әртүрлі  қасиеттері  содан  кейін  сана  арқылы  өткізіліп, 

қорытындыланады,  ал  бұл  біздің  қоршаған  әлем  туралы  білімімізді 

тереңдетуге жеткізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет