бейнесі екеніне сенімді болды.
324
Дерексіздіктердің өздері білдіретін болмысқа қаншалықты сәйкес
келетініне қатысты қиын сұрақ күтіп тұрғанына көз жеткізу қиын
емес. Жауап ретінде төмендегіні айтуға болады: осы әлемдегі кез кел-
ген зат нақты бір жағдайда өмір сүреді және қалыптасқан жағдайлар
шектерінде басқа денелер және құбылыстармен өзара әрекеттерге
түсіп, өздерін соларға сәйкес көрсетеді. Оның үстіне, біреулері
өздерінің сапаларын, қасиеттерін айқынырақ көрсетсе, екіншілері сол
уақыттағы жағдайға қарай мүлдем көрінбей қалуы да мүмкін. Ал бұл
көбінесе тәжірибелік танымда, яғни біз бір затты бақылауға алып,
оны іс жүзінде нақ сол кезде айқын көрінген қасиеттерге теңестірген
кезімізде, сол заттың басқа қасиеттерінің көлеңкеде қалып қойғандай,
ескерілмеуіне әкеліп соқтырады. Нәтижесінде, ондай бақылаудың
қорытындылары дерексіздендірудің негізіне алынады.
Сонымен бірге орын мен уақыттың нақты жағдайларында зат өзінің
кейбір сапалары мен қасиеттерін көрсете алады, ал өзгерген жағдайда
бұрын байқалған қасиеттердің кейбірі жоғалып, ал кейбірлері қалуы
мүмкін. Соңғыларды нақ осылай жинақтап қорыту – дерексіздендірудің
жоғарғы деңгейіне келтіреді.
Зат немесе құбылыс басқалармен өзара әрекеттескенде, өзін қашанда
өзгеше көрсетеді. Сол себепті зерттеушінің назары заттың өзіне емес,
оның әртүрлі қарым-қатынастарда қалай көрінетініне бағытталуы ке-
рек.
Дерексіздендірудің кез келгенінің өз шектері бар. Сондықтан
танымның белгілі бір деңгейінде бір немесе басқа дерексіздіктің та-
ным мүмкіндіктерінің сарқылғаны анықталады. Мысалы, ғалымдар
микроәлемге енген алғашқы сәттерде өзгеше қиын жағдайға тап бол-
ды, өйткені классикалық физикада пайда болған бұрынғы ұғымдар
бірқатар жаңа шындық, нақтылықты зерттеу барысында енді жарам-
сыз болып қалды. Денелердің координаттары мен импульстерінің
макроәлемде айқындалған арақатынас заңдылықтары микроәлем
үдерістерін зерттеуде өздерінің эвристикалық мағыналылығынан
айырылды. Егер қарапайым бөлшектің координаттары анықталса,
онда импульс күшін дәл анықтау мүмкін болмай қалады, ал егер им-
пульс күші анықталса, онда оның координаттарын анықтау мүмкін
болмайды. Осы және басқа жағдайлар бұрынғы санаттардың шектері
сарқылғанын және ғылымның алдында жаңа санаттық құрал жасау
қажеттігі туғанын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: