13. Идеализация (мақсат-мұратқа сай ету). Идеализация теориялық
танымның маңызды әдістерінің біріне жатады. Идеализацияның
табиғаты және идеалды нысандар туралы біз алдында айтқанбыз.
Дегенмен табиғатта мақсат-мұратқа сай, яғни мүлтіксіз нысандар
болмайтынын, олардың бар-жоғы теориялық ойлаудың нәтижелері
екенін еске түсірейік. Онда олар ғылымға не үшін керек? Олар біздің
іс жүзіндегі қызметімізді қателіктер жібермеу мақсатында мұратты
мән-мағыналармен өне бойы салыстырып отыру үшін, соларға барын-
ша жақындай түсу және дұрыс нәтижелерге (биік құрылыстар салуда,
өзгеше дәл техника мен ғылыми аспаптар жасауда) жету және т.б. үшін
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |