ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет331/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   440
преформизмге  –  ғылымның  бар  мазмұны  априорлық  сипаттағы 

белгілі бір идеялардан шығады дейтін сенімге кетеді.



Экстерналистер  ғылыми  таным  дамуындағы  әлеуметтік-мәдени 

детерминанттың шешуші рөлін мойындай отырып, тура қарама-қарсы 

көзқарас  ұстанады.  Бұндай  көзқарастың  болатын  жөні  бар:  өйткені 

ғалым – елсіз аралда өз зертханаларымен өмір сүрген Робинзон емес, ол 

қашанда өз заманының әлеуметтік-мәдени, саяси, психологиялық және 

басқадай  қатынастарының  түйініне  еніп  кеткен.  Экстерналистердің 

ойынша, ғалымның танымдық мүдделерін асыра бағалауға болмайды. 

Таным  қашанда  қоғам  мүдделерінен  келіп  шығатын  міндеттерді  ше-

шуге бағытталған. Экстерналистерге Дж.Бернал, Д.Нидам, Т.Кун және 

басқалары жатқызылады. 

Тарихи  тұрғыда  экстернализм  Жаңа  дәуірдің  тууымен  бірге  пай-

да  болған.  Капитализм  адамдарды  сословиелік  заңдарға  тәуелділік 

бұғауынан  азат  етіп,  экономикадан  тыс  мәжбүрлеуді  экономикалық 

мүддемен ауыстырды. Нәтижесінде, өндіргіш күштер жедел қарқынмен 

дамып,  машина  индустриясы  пайда  болды.  Ф.Бэконның  аузымен: 

«Ғылым – күш» болып жарияланды. XIX ғасырда марксизм бұл идея-

ны толық қолдап шықты. Ф.Энгельстің ойынша, егер қоғамда әлдебір 

қажеттілік  туса,  онда  ол  ғылымды  ондаған  университеттің  бірлесе 

ілгерілеткенімен салыстырғанда, он есе жылдам дамытқан болар еді.

Қоғам  қажеттіліктерінің  ғылым  дамуындағы  рөлін  мойындай 

отырып,  ғалымдар  мәселені  нақтылауда  әртүрлі  жауаптар  береді. 

Біреулері  экономиканың,  техникалық-технологиялық  факторлардың 

(Дж.Бернал)  шешуші  рөлін  мойындаса,  екіншілері  мәдениеттің  ба-

сым  рөлін  (О.Шпенглер),  үшіншілері  қоғамның  рухани  әлеуеті  – 

діннің,  философияның,  өнердің,  ұлттық  сана-сезімнің  шешуші  рөлін 

көрсетеді.



338

Екінші  мәселе:  әлеуметтік  факторлар  ғылыми  ізденістердің 

қарқыны мен бағыттарына ғана ықпал ете ме, әлде зерттеу әдістері мен 

олардың ғылыми нәтижелеріне де әсері бола ма? XX ғасырдың 70 жыл-

дарына дейін ғалымдар сұрақтың бірінші бөлігіне ғана оң жауап беріп 

келді  (жаратылыстану  қоғам  құндылықтарына  бейтарап  қарайды). 

Олар  әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер  ғана  әртүрлі  таптардың, 

әлеуметтік  топтардың  мүдделері  мен  мақсаттарының  билігінде  бола-

ды деп санайды (Э.Дюркгейм, М.Вебер, Ю.Хабермас және басқалары). 

Алайда кейінгі онжылдықтарда жаратылыстанудағы ғылыми зерттеу-

лер мен заман құндылықтарының өзара байланысы байқалды (Т.Кун, 

П.Фейерабенд).  Соның  түйінінде  ғана  әр  кездері  ғылымда  болып  жа-

татын  сапалы  өзгерістерді,  сондай-ақ  ғалымдардың  ғылыми  револю-

циялар кезіндегі әртүрлі құндылық ұстанымдарын; сан түрлі ғылыми-

зерттеу бағдарламаларының бір-бірлерімен күресін түсінуге болатыны 

белгілі болды.

Алайда  бұл  жердегі  қиындық  ғылым  дамуында  нені  ішкі,  ал  нені 

сыртқы  факторлар  деп  санауға  болатындығында  жатыр.  Мысалы, 

К.Поппердің  пікірі  бойынша,  ғылымда  жаңа  заңдарды  ашу  ғылыми 

таным дамуының сыртқы факторы болса, ал Дж.Гилберт оларды ішкі 

фактор деп айқындайды. Бір ғалымдар әлеуметтік және психологиялық 

факторларды  ішкі  деп  санаса,  Т.Кун  мен  М.Полани  ішкі  факторлар 

деп  есептейді.  Егер  К.Поппер  фактілерді  ғылымның  кумулятивтік 

әсері бар дара құндылығы санаса, Т.Кун салыстырмалы құндық дейді, 

өйткені  олардың  мазмұны  зерттеудің  алдын  ала  берілген  үлгісімен 

айқындалады.  Бұл  жағдайды  «Қазаншының  еркі  бар,  қайдан  құлақ 

шығарса» деген қазақ мәтелі әбден дұрыс түсіндіреді.

Біздің: «Шындық қайда?» – деген заңды сұрақ қоюымызға болады 

ғой.

Шындық,  сірә,  әдеттегідей,  ортада  жатқан  сияқты.  Егер  қоғамда 



сұраныс  болмаса,  ғылыми  қауымдастық  орын  мен  уақыттың  нақты 

жағдайларында бір немесе басқа ғылыми мәселеге көңіл аудармауы да 

ықтимал. Әлбетте, ерте ме, кеш пе, бұл жаңалық ашылуы мүмкін, бірақ 

көрсетілген  уақытта  ол  «terra  incognito»  (игерілмеген,  бейтаныс  жер) 

болуы  да  мүмкін.  Әлеуметтік  сұраныс  және  тапсырыс  дегендердің 

мағынасы ғалымдардың осы бағыттағы ізденістері үшін түрткі себеп 

ретінде әрекет ететіндігі болса керек. Бірақ, екінші жағынан, егер бір 

немесе басқа ғылыми қауымдастықтың ғылыми жетістіктерінің деңгейі 

төмен күйінде қалса, онда ғылыми мәселенің шешімі де орындалмаған 

болып шығады. Бейнелі түрде айтқанда, ғылым жаңа идеяға «жүкті» 




339

болуға,  ал  оның  дүниеге  келуі  үшін,  қолайлы  әлеуметтік  жағдайлар 

жасалуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет