ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


шығармашылық  дарынын  көрсетуге  ұмтылу



Pdf көрінісі
бет335/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   440
шығармашылық  дарынын  көрсетуге  ұмтылу.  Өкінішке  қарай, 

лайықты  өмірді  қамтамасыз  ету  үшін,  адамдар  кейде  күш-қуаттарын 

әлдебір  кертартпа  қызметке  сарп  етіп,  «қосымша  жұмыспен  ақша 

табуға»  мәжбүр  болады.  Ал  бұл  кейде  жоғары  оқу  орнының  кейбір 

қызметкерлерін  моральдық  ахуалды  бұзып,  қоғам  алдында  ғылым 

адамдарының әлеуметтік мәртебесін төмендете отырып, пара алудың 

қитұрқы түрлеріне баруға итермелейді.

Соңғы  онжылдықта,  жаңбырдан  кейін  қаптаған  саңырауқұлақтай, 

қайдағы бір «академиялар» пайда болып, белгілі бір ақы үшін солар-

дың  құрамына  кіргісі  келетін  «мүше-корреспонденттердің»  немесе 

«академиктердің»  атағы  беріліп  жатыр.  Соның  нәтижесінде  ғылымға 

танылып үлгірмеген «қайраткерлер» кенет «академиктер» болып шыға 

келеді,  ал  шынайы  ғалымдар  көлеңкеде  қалып  қояды,  бұл  да  ғалым 

беделіне нұқсан келтіреді. Соған байланысты қоғамда шығармашылық 

зияткерлік еңбектің лайықты орны жайында мәселе көтеріледі.

Ал, ақыр соңында, төртіншіден, ғалымның жемісті шығармашылық 

қызметі  ғылыми  мекемелер  дамыған  ақпараттық  қор  иелен-

ген  жағдайда  ғана  мүмкін  болады,  өйткені  ғылыми  мамандық 

жүзжылдықтар бойы жинақталған білімдерсіз мүмкін емес.

Әлбетте, ғылымдағы жаңалықтарды тарих сахнасында туынды жа-

сап  жатқан  нақты  тірі  тұлғалар  ашады.  Алайда  ол  жаңалықтардың 

маңыздылық дәрежесі, бір немесе басқа ғалым қосқан үлестің маңызын 

анықтау  –  ғылыми  қауымдастықтың  бағасына  байланысты.  Ал  ол 

үшін  ғылыми  зерттеулердің  нәтижелері  және  олардың  жетістігіне 

жеткізген әдістер мен амалдар ғылыми басылымдарда жариялануға 

тиіс.


Зерттеуші  жаңалықты  «таза  парақтан»  тудырмайтын,  білімдердің 

алдыңғы  қорларына  сүйенетін  болғандықтан,  ол  тиісті  бастауларға 



сілтеме  жасай  отырып,  басқа  ғалымдардың  да  зерттеліп  жатқан 

мәселеге  қосқан  үлестерін  көрсетуге  тиіс.  Осындай  шаралардың 




343

нәтижесінде  ғылыми  қауымдастық  бір  немесе  басқа  ғалымның 

ғылымға  қосқан  үлесін  нақты  бағалау  мүмкіндігіне  ие  болады.  Бұл 

жағдайда  мәселенің  заңдық  маңызы  (зияткерлік  меншікке  қатысты) 

ғана  емес,  сонымен  бірге  маңызды  саналатын  моральдық  сипаты  да 

бар,  өйткені  сөз  ғалымның  адамгершілік,  ар-ождан  тазалығы  туралы 

болып отыр. Мәселенің техникалық-ұйымдастырушылық жағы да бар. 

Басылып  шығып  жатқан  ғылыми  және  ғылыми-көпшілік  өнімдердің 

орасан  көптігі  кезінде  ондай  амал-шараларсыз  маңызды  жұмыстарды 

маңызы  аздардан  ажырату  аса  қиын  болуы  мүмкін.  Ол  ғылыми 

қауымдастықтың айтарлықтай көп күші мен қаржысын шығындар еді.

«Сын  және  библиография»  деген  гриф-белгісі  бар  әрбір  орнықты 

ғылыми  басылым  жарық  көрген  бір  немесе  басқа  монографияның



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет