ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет406/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   440
назия туралы заң қабылданды. Әңгіме адамның өмірден қоғамның 

келісімі  және  көмек  етуі  арқылы  өз  еркімен  кетуі  туралы  болып 

отыр.  суицид  (өзін-өзі  өлтіру)  әрекетінде  қоғамның  бұған  келісімі 



жоқ. Кең философиялық тұрғыда аутоназия тәндік-сезімдік бағыттағы 

Батыс  адамының  өмір  бағдарламасынан  келіп  шығады.  Қысқаша 

айтқанда,  өмірден  мейлінше  көп  рақат,  ләззат  алуға  ұмтыла  отырып, 

Батыс  адамы  қартайған  шағында  да  еш  қиналмастан,  тәтті  ұйқыда 

жатып  болмыссыздыққа  кеткісі  келеді.  Бұл  мәселені  біз  де  талқылап 

көрейік.


Бір  қарағанда,  Батыс  өркениеті  қоғамды  ары  қарай  адамгершілік 

қағидаларына  бұру  жолында  тағы  бір  үлкен  қадам  жасаған  сияқты. 

Шындығында,  қатерлі  ісікке  шалдыққан,  адам  төзгісіз  зардап  шегіп 

жатқан  немесе  жақын-жуықтары  қалмаған  және  ешкімге  керегі  жоқ 

кәрі адамға неге көмектеспеске?

Алайда бұл мыңжылдықтар бойы адамзат жинақтаған тәжірибеге, 

көрегендікке  және  түйсікке  қайшы  келеді.  Адамға  өмірінің  соңына 

қарай  күйзеліс,  кінә  және  өлім  (алдында  айтылған  қасіретті  үштік) 

күйін  сезіну  бұйырған,  ешкім  де  одан  айналып  өте  алмайды.  Бұл  да 

сол  адамның  айналасындағы  жақын  адамдардың  ақыл-естері  мен 

сезімдеріне  күшті  әсер  ететін  өмірлік  тәжірибенің  біл  бөлшегі  емес 

пе. Соңғы күйзелістерден өту – адамның рухын шексіз арттырады



оның жанының тазаруына жеткізеді және өмірден лайықты абырой-

мен өтуге мүмкіндік тудырады. 


403

Екіншіден,  бұл  дүниеде  тән  мен  қаннан  жаралған  адамнан  артық 

құндылық  жоқ.  Ендеше,  қоғамның  оның  өмірін  қиятын  қандай  құқы 

бар?


Үшіншіден, бұл құбылысты заңдық тұрғыда қоғам өміріне енгізу – 

тым  өткір  моральдық-психологиялық  зардаптарға  соқтыруы  мүмкін. 

Мысалы,  сол  зардаптар  ретінде  адамның  дене  мүшелерін  кең  сатуды 

немесе  психологиялық  қысым  жасау  арқылы  адамдарды  өз  еркімен 

өмірмен  қоштасу  туралы  шешім  қабылдауға  мәжбүрлеу  сияқты 

әрекеттерді айтуға болады.

Бұл мәселені семинарларда талқылау, сұрақты жалпылама, дерексіз 

қою  барысында  студенттердің  оны  адамгершілікті  іс  санап,  ол  идея-

мен  келісетінін  тәжірибе  көрсетіп  отыр.  Бірақ  сұрақ:  «Сіздің  анаңыз 

немесе басқа жақын адамыңыз ауыр науқас болса, аутаназияға келісер 

ме  едіңіз?»  –  деп  нақты  қойылғанда,  қашанда  дерлік  теріс  жауап 

қайтарылады.

Енді адамның ажалсыздығы туралы мәселені талқылайтын уақыт 

келген  сияқты.  Бұл  мәселенің  адам  өмірінің  мағынасымен  байланы-

сы  бар  екені  айдай  анық.  Егер  осы  дүниеге  келген  адам  артында  із 

қалдырмаса, оның жауын құртынан айырмашылығы бар ма?!

Ажалсыздық  мәселесі  кез  келген  діннің  қасиетті  өзегін  құрайды. 

Ешкім  ешқашанда  Құдайдың  бар  немесе  жоқ  екенін  дәлелдей  алмай-

ды, бірақ жер бетіндегі миллиардтаған адам Оған сенеді, өйткені ажал-

сыз болғанды, жоқ дегенде, жаны өлмегенін қалайды. Ажалсыздықтың 

бастаулары  алыс  замандағы  алғашқы  қауымдық  қоғамға,  адамдар 

ажалдан қорқа бастаған уақытқа кетеді.

Ертедегі Үндістан мен Мысырда өлгеннен кейін адамның жанының 

басқа  денеге  ауысатыны  туралы  идеялар  қалыптасқан.  Бұдда  діні 

адамның  жаны  бір  денеден  екінші  денеге  ауысқанда,  күнәларынан 

көбірек тазарады деп санайды. 

Ертедегі  гректер  адам  өлгеннен  кейін  оның  екінші  өмірі  баста-

латынына  сенген.  Құдайлар  мен  адамдар  арасында  ерекше  үлкен 

айырмашылықтар  жоқ.  Өлген  соң,  жақсы  адам  құдайлар  қатарына 

өтіп, өзінің өлмейтін күйіне жетеді.

Бүгінгі әлемдік діндер (христиандық, ислам және бұдда діні) адам 

өлгенмен,  оның  жанының  өлмейтініне  сендіреді.  Дегенмен  әлемдегі 

бірде-бір  дін  әлі  күнге  дейін  адамға  өмір  мен  өлімнің  не  екенін 

ұғынықты етіп түсіндіре алмай келеді.

Бұл  мәселе  бойынша  идеалистік  философияның  ұстанымы  діни 

ұстанымға  жақын.  Алайда  адамзаттың  көп  мыңдаған  жылдар  бойы 




404

жинақтаған  тәжірибесінде  өлген  адам  тірілген  емес,  ал  қазіргі  за-

ман  адамының  ажалсыз  жанның  денеден  тыс  және  одан  бөлек  өмір 

сүретініне сенімі аз.

Олай болса, адамның ажалсыздығы деп нені түсінуіміз керек? Осы 

заманның ғылыми деректеріне сүйеніп, біз тіпті адам тәнінің де бұл 

өмірден  мүлдем  жоқ  болып  кетпейтінін  нық  сеніммен  айта  аламыз. 

Біздің  бейнеміз,  мінез-құлқымыз,  дауысымыз,  іс-әрекетіміз,  дене 

тұрқымыз толық болмаса да, ұрпақтарымызға беріледі. Сөйтіп, біз ба-

лаларымыз бен немерелеріміз арқылы өмір сүре береміз.

Жан мен рух, ұлы адамдардың істері туралы айтар болсақ, олардың 

туындылары  қашанда  адамзат  тарихында  өмір  сүруін  жалғастыра 

береді.  Солар  құрған  құндылықтардан  біз  мәңгіліктің  жылы  лебін 

сеземіз.  Егер  миллиондаған  қарапайым  адамдардың  тағдыры  туралы 

сөз  қозғасақ,  онда  олардың  өлместігі  –  айналасындағылардың  есінде 

сақталатын олардың қайырымды істерінде.

Әрине,  біз  осылардың  барлығын  да  ақылымызбен  түсінеміз,  бірақ 

адам нақты ажалсыздық туралы армандайды және барлық үміттерін 

қазіргі  заманғы  ғылымға  бағыттайды.  Әсіресе  жылдам  қарқынмен 

дамып  келе  жатқан  генетика  адамға  оның  өмірін  белгісіз  уақытқа 

ұзартуға уәде береді.

Айтылғандарды  қорыта  келе,  нақты  ажалсыздықтың  әлемнің 

миллиардтаған  жылдар  бойғы  дамуы  барысында  қалыптасқан  іргелі 

де  маңызды  заңдарына  қайшы  келетінін  растауымызға  болады.  Бізге 

берілген  баға  жетпес  сый  –  өмір  жайында  және  оның  кеңістік  және 

уақытпен  шектелген  аясында  осы  өмірде  ізін  қалдыратын  жақсылық 

жасаудың  бақытты  мүмкіндіктері  туралы  айтқанымыз  дұрыс  болар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет