қысқарту, ал содан кейін толық жою болуға тиіс. Атом энергиясы АЭС
салу арқылы бейбіт мақсаттарға ғана жұмсалуы керек. Алайда ядролық
қару иеленуші алып мемлекеттердің «өзімшіл мүдделері» бүгінгі күні
аталған мәселені түбегейлі шешуге мүмкіндік бермей отыр. «Соғыс
шоқпарын» сүйреткен ядролық қарудың «жайылуын» тоқтату саяса-
ты әлемді әлсіздендіріп, ядролық қаруы бар мемлекеттерге біржақты
артықшылық тудырады. Бұл мәселе түбегейлі шешілгенше, төніп
тұрған қауіп адамзаттың үстінде төнген күйінде қала бермек.
Екінші үлкен мәселе – табиғат ресурстарын осы кездегі қарқынмен
жалмай берсе, адамзатты орасан зор апатқа апарып соқтыруы мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |