ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет49/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   440
диалектиканың  –  қозғалыс  пен  даму  туралы  ілімнің  негізін  қалады 

деуге болады.

Сәл  кейініректе  Гераклиттің  адамның  ішкі  дүние-әлеміне  қатысты 

идеяларын  сократ  (б.з.д.  470-399  жж.)  зерттеген.  Ол  жеткілікті 

дәрежеде  жұмбақ  адам  болатын.  Ол  туралы  замандастарының  тым 

қарама-қайшы естеліктері қалған: «Аристофанның «Бұлттарында» ол – 

жалған данышпан-сопылардың бірі, ал Ксенофанның естеліктерінде – 

заңға  құлықты,  салт-жораларды  және  өз  елінің  Құдайларын  құрмет-

тейтін, жастардың ұстазы болса, Платон үшін – ешкім тең келмейтін 

данышпан.

Сопылардың: «Адам – барлық заттардың өлшемі», – дейтін тұжы-

рымымен  келісе  отырып,  Сократ  адамға  қатысты  бұл  тұжырымды 

өмір  тауқыметі  еңсесін  басқан  нақты  бір  адамға  емес,  текті  бір  тірі 

тіршілік  иесіне  жатқызады.  адам  мәселесін  ол  өз  философиясының 



түпқазығына  айналдырады.  Оның  ойы  бойынша,  адамның  денесі 

болғанмен,  ондағы  басты  нәрсе  –  жан.  Өз  заманының  адамдары-

на  қаратып,  олардың  бірінші  орынға  денсаулықты,  байлықты  және 

басқа  да  адамға  қажетті  заттарды  қоятынын  айтты,  ал  сол  уақытта 

бірінші  кезекте  адамдар  жандарының  тазалығын  ойлауға  тиіс  еді 

ғой.  Сократтың  пайымдауынша,  жақсылық  –  білімдерде,  ал  жаман-

дық – надандықта. Адам неге жамандық жасайды? – Білместіктен. Егер 

ол  бұның  жамандық  екенін  білсе,  олай  істемеген  болар  еді.  Ізгілік  – 

жақсылықты білу, батылдық – ол қауіп төнген сәтте не істеу керектігін 

білу, әділеттілік – ол азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынастары 




47

туралы білу және т.б. Бірақ адамның білімге жетуі – қиын жол, адам 

жаны тәрбиені қажет етеді.

Бұл  жол  Сократтың  кекесіні  мен  майевтикасынан  тұрады. 

Кекесін  деп  әртүрлі  сұрақтар  қою  арқылы  дауласушы,  ақыр 

соңында,  талқыланып  жатқан  мәселе  бойынша  «өздерінің  ештеңе 

білмейтіндерін білетін» адамдардың пікірлеріндегі қарама-қайшылық-

тарды  тауып  көрсетуді  түсіну  керек.  Содан  кейін  келесі  кезең  – 

майевтика  –  тағы  да  балгер  кемпір  баланың  дүниеге  келуіне  қалай 

көмектеседі  деген  сияқты  ілеспе  сұрақтар  беру  арқылы  шындыққа 

жету  басталады.  Мысалы,  ғажайып  деген  не?  Ол  ғажап  сұлу  қыз, 

құмырадағы  гүл,  суретшінің  туындысы  сияқты  құмыраның  өзі  және 

т.с.с.  болуы  мүмкін.  Адамдар  ондаған  мысалдар  келтіре  алады.  Бірақ 

Сократ қызға, құмыраға, гүлге қатысы жоқ ғажайып дегеннің не екені 

туралы  сұрақ  қойғанда,  адамдар  бастапқыда  абдырап  қалады.  Содан 

кейін  қойылған  сұрақтың  жауабын  іздеу  басталады,  ақыр  соңында, 

ғажайып – ол өзгеше кемелдікке, мүлтіксіздікке жеткен бірдеңе деген 

қорытындыға келеді.

Алайда  Сократ  бұнымен  шектеліп  қалмайды.  Қандай  мәселелер 

талқыланса  да,  ақырғы  мақсат  –  мен  қалай  өмір  сүріп  жатырмын, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет