ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет57/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   440
түрге (формаға) келтіреді.

Идеяларының кеңінен түсінікті болуы үшін, Платон үңгір туралы 



миф  құрастырады.  Үңгірдегі  аяқ-қолдары  байлаулы  адамдарды  көз 

алдымызға елестетіп көрейік. Жоғарыдан қабырғаға жарық түсіп тұр. 

Ал жер үстінде керуен жылжып, адамдар әлдебір заттарды әрі-бері та-

сып, бір-бірлерімен сөйлеседі. Олардың көлеңкесі үңгірдің қабырғасына 




53

түсіп  тұр,  адамдар  ол  көлеңкелерді  көріп,  қатаң  дыбыстарды  естиді. 

Жер  үстіндегі  нақты  өмірді  білмегендіктен,  үңгірдегі  адамдар  нағыз 

өмір осы деп ойлайды. Бірақ ұзақ ойланыстан кейін олардың біреуінің 

көлеңкелер  әлемінде  өмір  сүріп  жатқанын  түсінуі  мүмкін  болса,  ал 

екіншісі  аяқ-қолын  босатып  алып,  жер  бетіне  шығуы,  ал  көздері 

жарыққа үйренген соң, нақты адамдарды, ал содан кейін Күннің өзін 

көруі мүмкін. Бұл мифтен қандай философиялық қорытынды шығады?

1.  Болмыстың  әртүрлі  деңгейлерінің  болуы.  Егер  үңгірдегі 

көлеңкелерді сезімдік болмыс деп қарасақ, онда жер үстіндегі адамдар 

мен заттар – шынайы болмыс, Ал Күн – мақсат-мұратқа сай Игілік.

2.  Танымның  әртүрлі:  сезімдік,  ұғымдық  және,  ақыр  соңында, 

түйсіктік  деңгейлерінің  мүмкіндігі  арқылы  болмыстың  соңғы 

негіздемелеріне қол жеткізу.

3.  Құндылық  тұрғысынан  бағалау  мүмкіндігі:  сезімдік  болмыста 

өмір сүру – үңгірде өмір сүруге тең, рухани биіктерге көтерілу – шы-

найы болмыстағы әртүрлі мағыналы өмірге парапар, ал Күн – Жоғарғы 

Игіліктің нышаны.

Сөйтіп,  Платон  Әлемнің  объективтік-идеалистік  түсінігін  дүниеге 

келтірді. Бірақ ол үшін  ең  қиыны осы екі: заттар мен идеялар әлемін 

ұштастыру  болды.  Іс  жүзінде  идеялардың  материалдық  емес  әлемі 

заттардың  сезімдік  материалдық  әлемін  құра  ала  ма?  Платон  бұл 

мәселені келесідей жолмен шешті: материя – ол ежелден келе жатқан, 

бейберекеттік жағдайындағы инерциялы нақтылық. Идеялар әлемінің 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет