бірақ шындық – қымбатырақ», – деп Аристотель сынға алған.
54
олардың осы ортақ жақтарын жалпылай (абстракциялай) отырып, зат-
тар туралы түсініктерді қалыптастырады және тіл арқылы жеткізеді.
Мысалы, адам деген ұғым бүгінгі таңда Жер бетінде өмір сүріп жатқан
6,7 млрд адамды қамтиды. Нақты тірі адам ерте ме, кеш пе, өледі, ал
адам ұғымы қалады. Бірақ, егер бұл тірі адамдар өмір сүрмесе, адам
ұғымы да болмас еді. Әңгіме Платонның мақсат-мұратқа сай Әлемі
туралы емес, жиынтығында әлдебір мұрат-мақсатқа сай әлемді
құратын ұғымдар туралы болып отыр. Платонның еңбегін одан кейін
ғана түсінік-ұғымдардың, олардың табиғатының, бір-бірімен өзара
әрекеттесуінің ерекше егжей-тегжейлілікпен зерттеле бастағанынан
көруге болады.
Платонның таным теориясына келсек, онда оның негізінде анам-
нез (грекше – anamnesis – еске түсіру) жатыр. Адам тәннен және жаннан
тұрады. Бірақ жан жердікі емес, ол идеялар Әлемінен шыққан. Жерге,
яғни нақты бір адамның денесіне түсіп, ол көгілдір аспанның шексіз-
шетсіз көкжиектеріне тұңғиық тереңнен көз сүзетін тұтқынды еске
түсіреді. Мысалы, оқушы бір математикалық есепті шығарып отыр
дейік. Ол зердесіне күш салады, ал егер оның жаны идеялар әлемінде
математикалық теңбе-теңдіктердің қалай болғанын еске түсірсе, онда
оқушының басына есептің шешімі келе қалады.
Сезімдік таным көбіне-көп алдамшы, өйткені бұл тән әлемінің өзі
тұрақсыз, өтпелі. Сондықтан Платон оны докса (грекше doxa – пікір)
деп атайды. Бірақ, егер сезімдік тәжірибенің деректері түсініктерге
негізделсе, онда ғылым қақпалары (грекше episteme – жазу, ғылым)
ашылады.
Алайда бізді идеялар әлемімен жақындастыратын ғылым ғана емес.
Одан да әлеуеттірек күш бар – ол Эрос, яғни сүйіспеншілік. Олар
екі әлемді байланыстыратын көпірлер іспетті. Даналықты сүю деп
түсінілетін философияның өзі шындыққа, жақсылыққа және әсемдікке
деген сүйіспеншілік болып шығады.
Платонның ойынша, сүйіспеншіліктің алғашқы баспалдағы
жыныстық махаббат, тән сұлулығына ұмтылу, сонымен қосылу болып
табылады, соның нәтижесінде жаңа өмір бастауы пайда болады, адам-
зат тегінің ажалсыздығы қамтамасыз етіледі.
Екінші сатыда сүйіспеншілікті ары қарай асқақтату, енді адамның
тәніне емес, жанына ұмтылу орын алады. Қазіргі заманғы термин-
дер тілімен айтқанда, бұл – оларды өзара байытып тұратын басқамен
терең байланыс орнатуға талпыну. Нәтижесінде, адамның жанына
55
Шындықтың, Жақсылықтың, Әсемдіктің ұрықтары себіліп, білімдерге,
өнерге, әділеттілікке ұмтылу пайда болады.
Үшінші сатыда сүйіспеншілік жанымызды Ғажайыппен және
Игілікпен біріктіре отырып, бізді Идеялар әлеміне жеткізеді.
Платон әлеуметтік, саяси философия саласында да айтарлықтай
із қалдырды. Ойшыл қоғамды түсіндіруге жеткілікті дәрежеде терең
мағына береді. Егер жан-жануарлар өздеріне қажеттілердің барлығын
табиғаттың өзінен дайын күйінде табатын болса, ал адамдар өз
мұқтаждықтарын жалғыздан-жалғыз қанағаттандыра алмайды, адам
үшін қажеттінің бәрі бірдей табиғатта дайын күйінде табыла бермейді.
Сол себепті адамдар бір-бірімен өзара әрекеттесе, еңбек өнімдерін ай-
ырбастай отырып, еңбектенеді, қоғам құрады. Бір адамдар егін ексе,
екіншілері құрылыс салады, үшіншілері етік тігеді, төртіншілері
оқытады, бесіншілері емдейді және т.с.с.
Өз заманындағы қоғамның дағдарыс жағдайын қанағат тұтпаған
Платон мақсат-мұратқа сай мемлекет құру идеясын ұсынады. Онда
тең құқықты адамдардың қоғамдық тобының (сословие) негізгілері
үшеу: басқарушылар, тәртіп сақшылары және қатардағы қауым-
Достарыңызбен бөлісу: