әлеуметтік философияда ойшыл қоғамдық қатынастардың нор-
мативтік реттелуіне үлкен көңіл бөледі. Ф.Аквинский әлемде бар
заңдардың үш түрін ажыратып көрсетеді:
1. мәңгілік заңдар (лат. – lex aeterna).
2. жаратылыс заңдары (лат. – lex naturalis).
3. адам жасайтын заңдар (лат. lex humana).
Мәңгілік заңдар – ол Құдайдың Әлемді жарату алдындағы жоба-
сы. Оларда әрбір заттың не үшін пайдаланылатыны, оның орналасуы,
тәртібі көзделген.
Жаратылыс заңдары ақыл-ойы бар тіршілік иесі ретінде адамның
жақсылық пен жамандықты ажырата алатын қасиеттерінен келіп
шығады. «Жақсылық жасауға ұмтыл, жамандықтан аулақ бол» – жа-
ратылыс заңы. Жаратылыстың ең жоғарғы құндылығы – өмір. Олай
болса, адам өз өмірін сақтауға ұмтылуға тиіс. Бұл да – табиғат заңы.
Ер адам мен әйелдің өзара қарым-қатынастары, бала тәрбиесі және
басқалары да осыған жатады.
Адам жасайтын заңдар қылмыскерлерге, әртүрлі жамандықтарға
қарсы бағытталған. Олар адамның ақылынан туған. Оларда заң
қатаң қадағалайтын мақсат және сол мақсаттарға жету құралы
көзделген. Егер Августин адами заңдардың қажеттігін адамның
бастапқы күнәһарлығынан көрсе, Ф.Аквинский табиғи қажеттіліктен
шығарады. Олар табиғи заңдардың нақтылануы сияқты және соларға
сай болуға тиіс. Адам ақылының нәтижесінде жаратылыс заңдарынан
адамның азаматтық құқықтары келіп шығады. Мысалы, өмірді
сақтау – табиғат заңы, ал одан: «Өлтірме!» – деген қағида туады. Ада-
ми заңдарда нақтылана отырып, адамды қасақана ниетпен өлтіру не-
месе адам өлтіру фактісінің кездейсоқ орын алғаны айқындалады.
Тиісінше, қылмыс істеген адам жазаланады. Қылмыскерлерді қоғамнан
оқшаулай отырып, заң адал ниетті адамдарды қорғайды. Алғашында
қылмыскер заң талаптарына мәжбүрлі түрде бағынады, кейіннен бұл
82
дағдыға айналады. Ақырында, қылмыскер адал адам болып шыға ала-
ды. Заңның тәрбиелік мәні осында жатыр.
Ф.Аквинскийдің табиғат заңдарына қайшы келгенде, адами
заңдардың күштерін жоятыны туралы ойына назар аударайық. Ада-
ми заңдардың негізінде әділеттілік жатуға тиіс, әйтпесе қоғамды
сыбайласқан жемқорлық, билікті асырапайдаланушылық жайлайды.
Ф.Аквинскийдің ойынша, биліктің ең қолайлы түрі – монархия, ал
ең жаманы – заңсыздықтар мен зорлық-зомбылыққа жеткізетін озбыр
билік. Ал мемлекеттің рөлі үлкен: қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулай
және тәрбиелей отырып, сондай-ақ тәртіп пен адамдардың бейбіт
өмірін қамтамасыз етіп, мемлекет адамдардың өмірін, олардың әдет-
ғұрыптарын жақсартады.
Бірақ мемлекет адамдардың барлық рухани тілектерін қанағат-
тандыруға қауқарсыз. Сол себепті адамды шексіз сүйетін Құдай оған
Достарыңызбен бөлісу: |