ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


«алғашқы  қозғаушы  туралы»,  «терістеуді  терістеу»,  «аспан



Pdf көрінісі
бет97/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   440
«алғашқы  қозғаушы  туралы»,  «терістеуді  терістеу»,  «аспан 

денелерінің қозғалысы жайында» және басқалары.

болмыс  туралы  ілімінде  ибн-Рушд  Әлемнің  мәңгілігі  мен 

шексіздігі туралы айтады. Сөз жоқ, ол өз заманының ұлы болды және 

Құдайды мойындады. Алайда философия мен діннің арақатынасы ту-

ралы мәселені зерттей келе, оларды алған бағыттарында ұқсас деп са-

нады. «Философия – ол діннің серігі және қандас туысы, олар табиғаты 

бойынша  серіктер  болса,  мәні  мен  тума  бейімділігіне  қарай  достар 

болып  табылады»,  –  дейді  ойшыл  (А.В.Сагадеевтен  дәйексөз.  –  Ибн-

Рушд.  –  М.,  1973.  –  198-бет).  Философияның  да,  діннің  де  зерттейтін 

тақырыбы – Құдай, бірақ Ол туралы мүлдем әртүрлі ойлайды. Сөйтіп, 

егер  ұмытпасаңыздар,  философияны  «Құдай  сөзінің  қызметшісі»  са-

найтын  схоластикадан  Ибн-Рушд  жоғары  көтеріле  білді.  Егер  Құдай 

шындықтың  мәңгі  бастауы  болса,  онда  материя  –  мүмкін  болатын 

әлемнің мәңгі бастауы. Егер Құдай мәңгілік болса, онда Ол жаратқан 

Әлем де мәңгілік. Құдай – қажетті бар болушылық, бар болуы мүмкін 

материяға  бітім-пішін  бере  отырып,  оны  шындыққа  айналдырады. 

Дүниеде ештеңе де пайда болмайды және құрымайды: өзгеру барысын-

да зат басқа затқа айналады. Егер материя заттардың ішкі мүмкіндігін 

құраса, ал пішін оны сыртқы іске асуға, шындыққа айналуға келтіреді.

Ибн-Рушд ары қарай Аристотельдің: Пішінсіз материя жоқ және ма-

териясыз пішін жоқ» деген негізгі қағидасын жетілдіреді. Егер біз мате-

рияны пішіннен ажыратып бөле алмасақ, онда мүмкіндік пен шындық 

та  біртұтас,  олардың  айырмашылығы  салыстырмалы  ғана.  Әлем 




92

мәңгілік болғаннан кейін, ерте ме, кеш пе, әлемнің бар мүмкіндіктері 

іске асырылатынына ойшыл кәміл сенеді.

Ибн-Рушд  таным  туралы  ілімінде  ой-санаға  басты  орын  береді. 

Әлбетте,  Құранда  да  әлем  туралы  белгілі  бір  шындықтар  берілген, 

бірақ сонда, сенім мен ақыл шындықтары қалай өзара қатынаста бола-

ды? Өз заманында өзгеше батылдыққа барып, ол екі шындық жоқ деп 

жариялады.  Шындық  –  жалғыз  және  ол  ақылға  негізделуге  тиіс. 

Құранның  шындықтары  бұқара  халыққа  арналып,  соларға  түсінікті 

болу  үшін  жазылған.  Ал  философиямен  танымы  терең  адамдар  ай-

налысады,  олар  өздері  жасаған  қорытындыларға  саналы,  ақылды 

негіздемелер  бере  алады.  Демек,  Құран  қағидалары  мен  ғылыми 

нәтижелер  арасында  қарама-қайшылықтар  туғанда,  діни  қағидаларға 

жаңа түсініктемелер берілуі керек, яғни оларды заманға сай жаңартып 

отыру қажет. Егер Ибн-Рушд осы уақытқа дейін тірі болғанда, қазіргі 

ғалымдар оның осындай ойын, сірә, кешіре қоймас еді.

Ибн-Рушд  әлеуетті  парасат  деп  адамзатты  тұтастай  танып  білу 

мүмкіндіктерінің  жиынтығын  түсінеді.  Шындығында,  әрбір  тірі 

адамның уақыты шектеулі және ол өтпелі тіршілік иесі болып табыла-

ды, сол себепті әлеуетті парасатсыз, биік ой өресінсіз ол әлемнің уни-

версалияларын аша алмаған болар еді. Сөйтіп, Ибн-Рушдтың әлеуетті 

парасаты  қазіргі  заманғы  философияның  қоғамдық  сана  түсінігіне 

жақын.

Адамның  қоршаған  дүниені  танып  білуіне  Алланың  белсенді 



ақыл-парасаты  көзге  көрінбей  ықпал  етеді.  Алайда  ол  тікелей 

емес,  адамдардың  сезімдерін,  қиялдары  мен  елестерін  оята  отырып 

ықпал  етеді.  Соған  орай  ойдың  белсенділігі  артады  және  заттардың 

мән-мағыналары  ашылады,  демек,  адамзаттың  әлеуетті  параса-

ты  байи  түседі.  Бүгінгі  күні  біз  адамның  сезімдері  мен  әсерлерінсіз, 

құштарлықтарынсыз  болмыстың  терең  қойнауларына  жету  мүмкін 

еместігін айтар едік. Ибн Рушдтың ойынша, әлеуетті парасат әрдайым 

Алланың  белсенді  ақыл-парасатына  жақындаумен  болады,  бірақ 

ешқашан  онымен  толық  бірігіп  кете  алмайды.  Шындығында,  егер 

біз  Әлемнің  бар  құпияларын  ашып  қойсақ,  онда  өзіміз  Құдайларға 

айналған болар едік, бұл, әлбетте, мүмкін емес.

Ибн-Рушдтың  екінші,  өз  заманы  үшін  «заңға  қайшы»  тұжырымы 

мынада:  адам  –  өтпелі.  Адамның  денесі  өлгеннен  кейін,  оның  жаны 

да өледі. Яғни бұдан адам өмірінің мағынасыздығы келіп шықпай ма? 

Бұл тығырықтан Ибн-Рушд адамзаттың әлеуетті ақыл-парасаты ажал-

сыз деп мәлімдей отырып шыққан. Демек, адам бәрін жасауға, өзінен 




93

кейін  әлеуетті  ақыл-парасатта  шығармашылық  із  қалдыруға  тиіс  дей 

алады екенбіз.

Әрине,  адамның  құндылық  бағдарларына  байланысты  Ибн-

Рушдтың  бұл  «заңға  қайшы»  тұжырымынан  екі:  бірі  –  тақуалық, 

ал  екіншісі  гедонистік

1

  ұстаным  келіп  шығады.  Егер  адам  өлсе  де, 



бірақ  мәңгі  әлеуетті  ақыл-парасат  қалады,  сондықтан  ол  тақуалық-

мистикалық өмір салтына бейімделуге тиіс. Екіншіден, егер адам бұл 

дүниеде бір-ақ рет өмір сүрсе және оның жаны өзімен бірге өлсе, онда 

ол  бұл  өмірден  барынша  мол  ләззат  алып,  барлық  мүмкін  болатын 

рақаттарға батуға тиіс.

Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  Ибн-Рушдтың 

бүгінгі таңда да біздерді өзінің философиясымен таңдандыратын терең 

сезімтал және батыл ойшыл болғанын ерекше атап айтқымыз келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет