болашақты көре білу, демек, бүгінгі күнді ғана емес, алыс
болашақта не болатыны туралы да ойлау;
сөзбен халықты шабыттандыра білу, оның істерін игі мақсаттарға
бағыттау;
денсаулығының мықты болуы, өйткені оған үлкен күш және
жауапкершілік жүктеледі, әсіресе соғыс қимылдары орын алған
кезеңдерде.
Бірақ барлық осы қасиеттердің ішінен ең бастысы ретінде Әл-
Фараби даналықты әділетті бөліп көрсетеді.
Көріп отырғанымыздай, бұдан мың жылдан артық уақытта өмір
сүрген Әл-Фарабидің ойлары бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ.
Кеңірек айтқанда, қай дәуірді алсақ та, философия тарихы ешқашанда
«ескірмейді», онда жинақталған ойлар жаңа шығармашылық
ізденістерге шабыт береді.
Достарыңызбен бөлісу: |