ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет136/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   382
даму идеясын 
шындықты танып білу теориясы мен әдісі ретінде 
алдыңғы орынға шығарды. Ол неміс ғалымы Г.Р.Тревирануспен бір 
мезгілде «биология» терминін енгізді.
Сөйтіп, Ағарту дәуіріндегі философия қарқын алып келе жатқан 
ғылыми және көркем ойдың парасатты аясында дамыды.
Неміс классикалық әдебиетінің негізін қалаушы және ағартушылық 
реализм қағидаларын жақтап күрескен Готхольд Эфраим Лессингтің 
(1729-1780); неміс философы, сыншы, эстетик Иоган Готфрид Гердердің 
(1744-1803); философияшыл романтик немістер: мәдениет философы
сыншы, тіл маманы және жазушы Фридрих Шлегель (1772-1829) мен 
протестанттық теолог және философ, Платон еңбектерін неміс тіліне 
аударған аудармашы Фридрих Шлейермахердің (1768-1834) неміс 
философиялық мәдениетінің өркендеуіндегі ерекше рөлін айтпауға 
болмайды. Ағайынды Александр (1769-1859) және Вильгельм (1767-
1835) Гумбольдтар да (алғашқысы – жаратылыстанушы, географ, 
екіншісі – филолог, философ, дипломат) бұл салада айтарлықтай еңбек 
сіңірді.
Неміс гуманистік мәдениетінің шарықтауын көрсеткен Иоганн 
Вольфганг Гете (1749-1832) мен Иоганн Фридрих Шиллер (1769-
1805) сияқты философиялық ойдың, көркем эстетика мен поэзия 
алыптарының ғажап туындылары болды. Егер біріншісі, бәріне қоса, 
жаратылыс зерттеуші болса, ал екіншісі әділетті қоғамдық құрылысқа 
қол жеткізу тәсілі іспетті «эститикалық тәрбие» теориясын құрушы 
болды.
Ағарту дәуірі – адамзаттың әлемдік тарихындағы қажетті және 
аса маңызды саты болып табылады. Оның негізгі міндеті – 
ғылым 
мен мәдениеттің
дамуы негізінде қоғамның өмір сүруінің бар-
лық жақтарын 
жаңарту
, ғылымның озық жетістіктерін бұқара 
халықтың кең топтарының санасына енгізу және сол арқылы оларды 
надандық пен қараңғылықтан азат ету. Сол уақытта адамның ақыл-
парасатының шығармашылық күш-қуатына деген 
сенім
пайда бол-
ды. Ағартушылардың «Sapere aude!» – «Даналыққа ұмтыл!», яғни 
«Өз ақылыңмен өмір сүр» деген ұраны – нақ сол адам ақылына сенім 
дегенді білдіреді. Бізге алдымызда адамзаттың бақытты болашағы – 
қоршаған дүние мен өздерін талант-дарындары арқылы өзгерте оты-
рып, кез келген тәуелділіктен азат адамдар құратын жарқын болашақ 
күтіп тұрғандай болады.


152
Өз заманында марксизм Ағартудың кейінгі буржуазиялық 
революциялардың рухани негіздерін қалыптастырудағы рөлін көрсете 
отырып, оны өте жоғары бағалаған.
XX ғасырдағы неміс философтары М.Хоркхаймер мен Т.Адорно 
«Ағарту диалектикасы» деп аталатын кітаптарында ағартушыларды 
ақылдың әрекет шеңберін кеңейту, адамдарды қорқыныш пен 
надандықтан азат ету және оларды өз тағдырларының шынайы 
қожайындарына айналдыру қажеттігіне үндеуді атап көрсетті. Олар 
ғылымның қоғамды түбегейлі өзгерте алатын күшіне сенді.
Ағартудың тағы бір ерекшелігі мынада: бұл жерде орасан үлкен 
сызбанұсқалар немесе тұжырымдар жасаудан гөрі, басты назар 
зерттеліп әзірленетін ілімдердің іс жүзіндегі идеологиялық жағына ау-
дарылды. Олай болса, олардың идеологиясының ерекшеліктерін қарап 
көрейік:
1. Ақыл-парасат үстемдік құратын білімдар адамзаттың жарқын 
болашағына деген сенім.
2. Ғылыми негізделген сыннан өткізу арқылы адамдарды ескірген 
әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің бұғауынан азат ету.
3. Ғылым мен техниканың өркендеуіне кең жол ашу қажеттігі
Ағарту бағдарламасын жасауға ұмтылу, ғылым мен техниканың 
болашақта бақытты қоғам құрудағы рөлін насихаттау.
4. Адамның табиғи, бөлінбес және азаматтық құқықтарын қорғау.
5. Философияны дәлелденбейтін абстрактілік-метафизикалық 
жүйелерден азат ету.
6. Дінді сынап-мінеу және материалистік философияны насихаттау 
арқылы адамдарды соқыр діни наным-сенімдерден азат ету.
Сөйтіп, Ағартудың басты ерекшелігі – феодализмге қарсы 
бағыттылық, әлеуметтік өзгерістер бағдарламасын жасау және адамның 
жаңа мақсат-мұратын қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатпен 
ағартушылар Ф.Бэкон сызып берген, әлеуметтік прогресті ғылыми 
прогреспен байланыстыратын «ғылымдардың данышпандықпен қайта 
қалпына келуін» жүзеге асыруды жөн көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет