ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет141/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   382
өзімшілдігіне
тікелей байланысты оның 
бастапқы зұлым 
табиғатында
жатыр. Бұл туралы басқалар да (Н.Макиавелли, Т.Гоббс) 
айтқан. Бірақ олардан айырмашылығы – Б.Мандевильдің ойынша, 
адамның теріс қасиеттері 
қоғамға
кедергі келтірмейді, керісінше
оны күшейтеді. 
Кейіннен Гегель де жамандықтың әлемдік тарихтың 
қозғаушы серіппесі болып табылатыны туралы айтқан.
Б.Мандевильдің пікірінше, мораль – қоғамды, ал адамгершілік 
құндылықтар әлем тарихындағы ұлы тұлғаларды тудырушы болып 
табылады, өйткені нақ солар адамдарды өз құмарлықтарын шектеуге, 
қоғамдық мүдделерді өз мүдделерінен жоғары қоюға үйретеді. Қоғам 
үшін жамандықтан әлдебір пайда көруден гөрі, оның жолына тосқауыл 
қою, оның әрекеттерін шектеу маңызды болуға тиіс.
Б. Мандевильдің идеялары моральдың бірқатар мәселелерін жаңаша 
қойды және қоғамның өнегелі өміріне жасалатын кейінгі зерттеулерге 
оң әсерін тигізді.
субъективті идеалист Дж.беркли 
(1681-1753) өзінің философия-
сын: барлық тіршілік етушілер жалқы, дара заттардан тұрады, ал 
жалпы – жалқылықтың жалпыланған, қорытындыланған мәні деген 
ұстанымнан бастайды. Сөз жалпы идеяны емес, көптеген нақты бар 
заттарды білдіреді. Осы ұстанымдарға сүйеніп, Беркли философияның 
көпшілік ұғымдарының, мысалы, «материя» дегеннің қажетсіздігі ту-
ралы айтады. Дүниеде көптеген заттар: ағаштар, Ай, әйнек, машина 
және т.с.с. бар. Бірақ ешкім ешқашанда материя дегенді көрген жоқ, ол 
тек философтардың бітіп болмайтын айтыс-тартыстарын тудырады.
Беркли жасаған екінші бір қадам – оның адам таным барысын-
да өзінің сезім-түйсіктерінің әртүрлі қырларын ғана біле алады де-
ген мәлімдемесі болды. Шие деген не? Ол – әлдебір қызыл-қоңыр
қышқыл да тәтті, домалақ, шырынды және тағы басқа қасиеттері 
бар жеміс. Сол қасиеттерін алып тастаңызшы, одан не қалады? 
Шын мәнінде, ештеңе де қалмайды. Көріп отырғанымыздай, Беркли 
зерттелетін заттардың қасиеттерін өзіміздің сезімдерімізбен, қалай 
сезінетінімізбен теңестіреді. Оның танымал болған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет