ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет140/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   382
Энтони Шефтсбери 
(1671-1713) өз 
үлесін қосты. Ол адамгершілік құндылықтарын 
адамның бастапқы 
ізгі табиғатынан
шығара отырып, әлемде үстемдік етуші үйлесімділік 
және бастауы Құдай болып табылатын адам туралы ілімді дамытты. 
Бұл жерде оның көзқарастары Т.Гоббс пен Дж.Локк көзқарастарына 
тікелей қарама-қайшы келеді. Ойшылдың пікірі бойынша, ізгілік 
пайда іздеу, марапат немесе жаза алу жолында пайда бола алмай-
ды. Ізгілік өзін-өзі тудырады, өйткені ол адамға орындалған борыш, 
бақыт сезімін әкеледі. Ізгілікті адам өзі жататын топтың немесе тұтас 
қоғамның игілігі үшін барлық күш-жігерін салады.
Ізгілік адамның ішкі табиғатынан шығатын болғандықтан, ол 
Құдайға деген сенімге тікелей байланысты емес. Әлемдік тарих көп 
жағдайда діннің қоғамның моральдық санасына теріс ықпал ететінін 
көрсетеді. Құдайдан үміт күтетін немесе оның алдында қорқатын, 
ізгілік жолымен жүретін адамның моральдық ұстанымдары шын-
жырмен байланған арыстанның құлықтылығын, мойынсұнуын еске 
түсіреді.
Алайда бұл Шефтсбери Құдайды мойындамады дегенді білдірмесе 
керек. Құдай – бұл әлемнің сұлулығы мен үйлесімділігінің бастауы. 
Ол осы тамаша, ұлы және ретке келтірілген Әлемді жаратты. Олай бол-
са, адамның рухани өміріндегі көкорай шалғындар мен әсем бақтар да 
Әлемнің осы сұлулығына сай болуға тиіс.
Ағылшын жазушысы 
бернард мандевиль
(1670-1733), керісінше, 
тікелей қарама-қарсы ұстанымдарға сүйенеді. «Аралар туралы хи-
кая» атты сатирасында ол араның ұясында байлық пен кедейшілік, 
сауық-сайран мен ауыр еңбек қатар жүріп жатқанын әңгімелейді. 
Бұл жерде бәрі де сатылады. Алдау, көреалмаушылық, тәкаппарлық
тойымсыздық және басқа да күнәлар барлық жерде кең тараған, 
барлығы да байлыққа жетуге ұмтылады. Нәтижесінде, ара ұясында 
ала-құла өмір құлаш жайған.
Бірақ бір ғажап күнде барлық аралар ізгілікті өмір жолына түсуге 
бел байлайды. Сол мезетте-ақ араның ұясында таңғаларлық нәрселер 
бола бастайды: байлық пен сауық-сайран жоғалып, көп ұзамай тіршілік 
тоқтайды.


157
Сол арқылы Б.Мандевиль бір мезгілде бай да, кедей де болудың 
мүмкін еместігін көрсетеді. Бұның негізгі себебі адамның жойыл-
майтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет