ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


Вольтер деген атпен  көбірек танымал  Франсуа мари аруэнің



Pdf көрінісі
бет147/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   382
Вольтер
деген атпен 
көбірек танымал 
Франсуа мари аруэнің
(1694-1778) философ, тамаша 
ақын, драматург және жазушы, саяси ойшыл ретінде де атағы шықты.
Он екі жасында-ақ оны аббат де Шатонеф Париждегі «Тампль» деп 
аталатын еркін ойлы адамдар үйірмесіне кіргізді. 1717 жылы герцог 
Ф.Орлеанскийді өткір поэзиямен сынағаны үшін, ол 11 ай Бастилияға 
қамалды. Екінші рет осы қорқынышты түрмеге ол кавалер де Роганмен 
болған жанжалға айналған ұрыс-керіс салдарынан түсті, бірақ онда 
көп болмады, өйткені сот оны Франциядан аластау туралы шешім 
қабылдады. 1726-1729 жж. ол Лондонда тұрып, сол жерде парламенттік 
монархияның белсенді жақтаушысы болды, монархия идеяларын ол 
кейіннен Еуропада ғана емес, Екатерина II-мен хат-хабар алысу бары-
сында Ресейде де таратты. Отанға оралған соң, ол 1734 жылы өзіне адам 
айтқысыз табыс әкелген және билікке емес, прогрестік қауымдастыққа 
ерекше танымал еткен, даңққа бөлеген «Философиялық хаттар» де-
ген еңбегін жарыққа шығарды. Париж парламенті «Философиялық 
хаттарды» отқа өртеуге шешім қабылдайды, өйткені «олар дінге, ізгі 
дәстүрлерге, билікке құрмет көрсетуге қарама-қайшы келеді».
Бірақ билік енді Бастилияның Вольтерге шамасы келмейтінін жақсы 
түсінді. Сондықтан оның өзгеше талантын монархия мүдделерінде 
пайдалануға ұмтылған король сарайы еркін ойшылды өз ықпалынан 
шығармауға тырысады. Нәтижесінде, Вольтер корольдік тарих-
ты жазушы болып тағайындалады, бірақ көп ұзамай, ол лауазымнан 
шеттетіледі.
Вольтердің қоғамдық-саяси ойдың дамуына ықпалы зор болды. Ол 
Еуропаның тәж кимеген королі деп құрметтелді, ал «вольтерлік» деген 
термин жалпы атауға айналды.
Басынан-ақ Вольтердің шығармашылығы философиялық идеяларға 
толы және берік болды. Ол материалдық және идеалдық әлемдердің 


164
бастапқы себебі ретінде танылмаған Құдайдың бар екенін негізге 
алып, деизмнің негізгі қағидаларын сүзгіден өткізді.
Демокрит пен Эпикурдың атомистік көзқарастарын құптай оты-
рып, Вольтер дүние элементтерін өткізбеушілік және ұзындық 
қасиеттері бар материалдық түпнегіз деп санады. Ньютон ашқан 1-ші 
заңға сүйеніп, ол табиғатты: органикалық емес және органикалық 
материяның барлық формалары әлемге 1-ші механикалық соққы бер-
ген сыртқы күштің әсерімен қозғалатын сағат механизміне ұқсатып 
қарастырды.
Вольтер бойынша, адам – негізі табиғаттық тіршілік иесі, оның тән 
мен қанда өмір сүруден басқа өмірі болуы мүмкін емес. Сол себепті 
адамдар бақытты болатын қоғам құру қажет, ол үшін әлеуметтік 
қатынастарды ақыл-парасат пен әділеттілік бастауларында қайта құру 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет