ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет145/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   382
Байланысты:
Философия

«заңдар 
рухы туралы»
(1748) деп аталатын іргелі еңбегінен табамыз. 


161
Бастапқыда ол Женевада жасырын басылып шықты. Онда Монте-
скьё қоғамды түсінудегі географиялық детерминизмді негіздеп берді. 
Басқару түрлерін де, заңдар сияқты, ол географиялық ортаға тікелей 
тәуелді етті.
Қоғамның өмір сүруін және оның дамуын ол қабылданатын 
заңдардың сапасымен тығыз байланыстырады. Монтескьё: «Егер 
кімде-кім бір немесе басқа қоғамның ерекшеліктерін түсінгісі келсе, 
онда сол мемлекеттің заңдарымен танысуға тиіс», – деп кеңес береді. 
Кейіннен қоғамның табиғатына деген бұндай көзқарас әдебиетте 
«заңдық дүниетаным»
деген атауға ие болды.
Ш.Монтескьё қоғам заңдарын екі түрге бөледі: алғашқысы – табиғи 
заңдар. Олар жоғарғы құндылық ретінде өмірді сақтауға бағытталған, 
ал ол үшін адамдар тіршілік етудің құралдарын табуға тиіс. Егер 
Т.Гоббс тіршілік құралдарын табу үшін адамдар бір-бірлерімен 
күреседі, «барлығының бәріне қарсы соғысы жүреді» деп есептесе, ал 
Ш.Монтескьё, керісінше, табиғаттың әлсіз тіршілік иесі іспетті адам 
басқалардың қолдауына зәру, сол себепті олар қоғам құрады деп са-
найды. Сөйтіп, ойшыл 
адам бастапқыдан-ақ әлеуметтік тіршілік 
иесі болып табылады
деген қорытындыға келеді.
Қоғамдағы әртүрлі қарама-қайшылықтардың пайда болуының 
себептерін ол адамның басқалардың есебінен өзі үшін пайда алуға 
ұмтылуынан көреді. Ал бұл адамдардың өзара қарым-қатынастарын 
заңдардың күшімен реттеу қажеттігіне келтіреді. Екінші топ – 
әлеуметтік заңдар
осылай туады және солармен бірге мемлекет пен 
құқық та пайда болады. Монтескьё 
құқықтардың үш тобын
ажыра-
тып көрсетеді:
1. Мемлекетаралық, халықаралық қатынастарды реттейтін 
халықаралық құқық.
2. Билеушілер мен халықтың өзара қарым-қатынастарын реттейтін 
саяси құқық.
3. Азаматтардың бір-бірлерімен өзара қарым-қатынастарын 
реттейтін азаматтық құқық.
Монтескьё мемлекеттік басқарудың: республика, монархия және 
озбырлық деген үш түрін бөліп көрсетеді.
Адамдарға шектеусіз зардап шектіретін озбыр билік ешқандай 
заңдарды қажет етпейді. Сондықтан ол таза озбырлыққа негізделеді.
Республикалық басқару қоғамды қабылданған заңдар негізінде 
басқару дегенді білдіреді.


162
Монархиялық билік басқарудың жоғарыда аталған түрлерінің орта-
сында тұрады. Монтескьёнің өзінің саяси мұраты – ол конституциялық 
монархия (ағылшын билігінің үлгісімен).
Мағынасы өтпелі емес болғандықтан, саяси философия 
саласындағы ойшылдың бүгінгі күні де маңызды болып табылатын 
идеясы – ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет