ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет152/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   382
адам тәрбиесіне
үлкен көңіл бөледі. Тәрбие – адамның 
табиғи дарындарын дамыту, еркіндікті сүюді қалыптастыру, өз 
көзқарастарынан таймауға үйрету.
Бала тәрбиесін Руссо төрт кезеңге бөледі:
– туғаннан бастап, екі жасқа дейін. Бұл жерде баланың дене
мүшелерінің дамуына басым назар аудару керек;
– екіден он екіге дейін. Баланың сезімдері мен жан дүниесі 
қасиеттерін тәрбиелеуге басымдық беріледі;
– он екіден он беске дейін. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту;
– он бестен он сегізге дейін. Балаға тұлға ретінде қарап, оның бо-
йына адамгершілік қасиеттерін сіңіру ерекше маңызды, өйткені бұл – 
адамның қалыптасуы барысындағы «бұлқыныс пен жұлқыныс» кезеңі.
Руссо бала тәрбиесінде күш қолданудан аулақ болуға, балаға 
білдірмей ықпал етуге кеңес береді. Әсіресе оның еркіндік сезімін жа-
ралап алмай, еңбекті сүюге баулу керек. Бала жақсылыққа ұмтылып 
өсуі үшін, оны қайырымды, ізгілікті істер жасауға үйреткен абзал. 
Баланың дене құрылысының жетілуі мен ақыл-ойының өсуі қатар 
жүруге тиіс.
Руссо идеяларының философтарға, саяси қайраткерлерге
әдебиетшілер мен тарихшыларға ықпалы зор болды.
1789 жылғы революцияда якобиншілер Руссоға табынушылықтың 
жарқын көрінісін паш етті. Оның сүйегінің күлі Пантеонға қойылды. 
Руссоның азаматтық қоғамға көзқарасы демократиялық реформалар 
үшін бағдар болды.


170
Француз ағартушылары саңлақтарының ішінен философ-энци-
клопедист, жазушы, әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткері 
Дени 
Дидроны
(1713-1784) бөліп көрсетпеуге болмайды. Оның қызуқанды 
ұйымдастырушылық қызметі нәтижесінде 35 томдық «Энциклопедия 
немесе ғылымдардың, өнерлердің және кәсіптердің түсіндірме сөздігі» 
жарық көріп, онда ғылымның аса маңызды жетістіктері, саясат, құқық 
саласындағы жаңа идеялар көрініс тапты. «Энциклопедия» француз 
қоғамының ғана емес, сонымен қатар Еуропаның да, тұтастай алғанда, 
Солтүстік Американың да рухани түлеуінде баға жетпес рөл атқарды.
Дидроның шығармашылық өмірбаянында, әдетте, үш мәселе ажы-
ратылып көрсетіледі.
Біріншісі «Энциклопедияның» жарық көруіне байланысты. Оны 
адам айтқысыз қиын жағдайларда жазуға тура келді: тыйым салу, 
астыртын, құпия жұмыс істеу, материалдың орасан үлкен көлемі үлкен 
қиындықтар тудырды. Дидро барлық мақалаларды түгелге жуық 
түзетіп, дұрыстап жазып шықты және өзі де 1751 жылдан 1780 жылға 
дейінгі кезеңде 1200-ден астам мақала жазды (онікі – орасан зор еңбек, 
басқа біреудің өмірі де жетпес еді). 
Екінші мәселе – ол «Көзі көретіндерге өсиет ретінде соқырлар 
туралы хаттар» (1749) деген еңбегінен (сол үшін бірнеше ай Вен-
сен қамалында қамауда да отырып шықты) бастап, «Физиология 
элементтері» (1875) шығармасында өз көзқарастары мен ұстанымдарын 
анықтап, баяндап бергені. Оның замандастарының көпшілігі Әлемге 
деистік көзқараспен қараса, Д.Дидро дәйекті материалистік ұстанымға 
көшті.
Әлемнің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет