230
Кьёркегордың бұл идеяларының бұл дүниедегі барлық бақытсыз-
дықтар, азап-күйзелістер мен әділетсіздіктер адамның бастапқыда
Құдай көрсеткен жолдан ауытқуына байланысты болады деп санай-
тын христиан дінінің қағидаларына қарама-қайшылығы айқын сезілді.
Құдай үйлесімді, ғажап және мүлтіксіз жетілген әлемді құрды. Ал
Кьёркегор бойынша, әлем жамандық пен азаптарға, күйзелістерге
толы. Алайда адам Құдайды сынаудан аулақ болуға тиіс. Құдайға
деген сенім күмәндануды қажет етпейді. Сенім – парадокс. Бұл
адамның жеке таңдауы, ерік шешімі, секіріс, ғажаптық, сандырақ.
Шығармашылығында ойшыл Тертуллианның ізімен жүреді: «Credo
quia absurdum est» («Сандырақ болғасын сенемін»). Үйлену тойы
қарсаңында сүйікті қалыңдығы Регина Ольсеннен бас тартқан ол азап-
күйзелістерге толы бар өмірін өз ұстанымдарын іске асыруға арнады.
Достарыңызбен бөлісу: