ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет203/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   382
Байланысты:
Философия

сёрен кьёркегорды
(1813-1855) да замандастары «Анти-Гегель» деп 
атап кеткен. Оған қоса, замандастары оған «уайымшыл дат» деген 
лақап ат берген. 
Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы – 
өлім және күйзеліс.
Ол ажалмен бетпе-бет келген, сылбыр да азапты өлім халінде жатқан 
адамның ішкі терең әлемін зерттейді.
Әрине, өлім мен күйзеліс тақырыбы XIX ғасыр философиясында 
басталған жоқ, ол да, өмір тақырыбы сияқты, – 
мәңгі
. Бірақ дат ойшы-
лы оған ерекше үндестілік және айқындық береді. Оның аты шыққан 
еңбегінің атауы да өзгеше – «Үрей және қалтырау» (1843).
Кьёркегор Гегельдің жайбарақат «объективизмін», шешімдері 
түсіндірілуі мүлдем басқа тәсілді және тілді қажет ететін ғылымилығын 
қабылдай алмады. Ол үшін, мысалы, Гегельдің дінді де ұтымды ету-
ге тырысқан әрекеті көңілге қонымсыз. Оның ойынша, Құдай 
ойдың 
нысана-тақырыбы емес, – күйзеліс тақырыбы.
Басынан-ақ Кьёркегор болмысты жүйенің «қалыбына»
1
сыйдыруға 
болмайды деп санап (өйткені ол өне бойы өзгерісте болады), қандай 
да бір философиялық жүйелер құрудан бас тартады. Соған байланыс-
ты ол, бәрінен бұрын, Гегельдің болмыс пен ойлауды теңдестіруі 
қағидасын сынға алады, өйткені, оның ойынша, адамның 
рухы
– ол 
жай ғана ұтымды ойлауға қарағанда, 
әлдебір үлкен бірдеңе.
1
Бұл жерде: «прокрустово ложе» – бір патшаның екі төсек жасатып, кішісіне жатқандардың 
төсекке сыймаған дене мүшелерін шапқызып, ал үлкен төсектегілердің аяқ-қолдарын 
созғызып, қалыпқа салғандай жасағаны туралы айтылады. Жалпы, «барлығын теңдей ету-
ге тырысу» дегенді білдіреді. 


227
Кьёркегор Гегельдің объективті диалектикасына өзінің тұжы-
рымын, яғни 
адамның өмір сүруінің субъективтік диалектика


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет