ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет234/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   382
Байланысты:
Философия

пол Фейерабендтің
шығармашылығына тоқталмай өтуге 
болмайды. Өткен ғасырдың 50-60 жылдары ол 
«эпистемологиялық 
жарылыс»
жасады. Бұл нені білдіріп еді?
Ол логикалық эмпиризмнің әдістемелік бағдарламаларын сынға 
алды. Сын нысанасына бәрінен бұрын ғылым дамуының 
кумулятивтік 
үлгісі
, яғни ғылыми білімнің артуын барлық жаңа шынайы білімдердің 
бұрыннан бар дәл сондай шынайы білімдер жиынына қосылуының 
үздіксіз үдерісі деп жорамалдайтын үлгі ілікті. Полға бұл ұнамады. 
Оның ойынша, кумулятивтік (шоғырландырушы) үлгінің негізінде екі 
жаңсақ ұстаным жатыр. Олар:
а) жүйелі түрде бір-бірін ауыстырып отыратын ғылыми теорияға 
кіретін терминдер мағыналарының 
инварианттылығы
(өзгермеушілігі, 
бір нәрсеге тәуелді болмауы немесе басқа нұсқасының болмауы);


259
ә) алдыңғы теорияның қабылдаушы теориядан логикалық 
(қисынды) 
шығарылуы
.
Ал Фейерабендтің пікірінше, бір-бірін ауыстыратын теория-
лар арасында логикалық қатынастар, бірінші кезекте логикалық 
шығару қатынастарын белгілеуге болмайды. Ғылыми терминдердің 
мағынасы теорияның бар тұжырымымен айқындалған, сол себепті 
бәсекелесуші теориялар терминдерінің мағынасы бірдей болмауы ке-
рек. Ол ғылымдағы әрбір теория өзінің санат (ғылыми ұғым) құралына 
сүйенетініне сенімді болды. Егер бір немесе өзге ұғым басқа теорияға 
ауысса, онда оның мазмұны дереу өзгереді. Сондықтан теорияларды 
бір-бірімен салыстыру мүмкін емес. Олай болса, әр ғалымның өз тео-
риясын құру мүмкіндігі бар. Бір немесе басқа теория бәсекелестікте 
өзінің 
шындыққа
жақынырақ болғаны үшін жеңбейді, 
оны ғылыми 
қауымдастықтың насихаттауы нәтижесінде жеңіске жетеді
. Енде-
ше, ғылым – ғылым өмір сүріп жатқан институттар, яғни: дін, мифоло-
гия, философия және басқаларының бір түрі ғана болып табылады. Сол 
себепті олар әлемді танып білуде теңдей болуға тиіс. Бұндай ұстаным 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет