ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет246/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   382
Байланысты:
Философия

ганс 
георг гадамер
(1900-2002) жасаған.
Ол 1960 жылы классикалық шығармаға айналған «Шындық және 
әдіс» атты еңбегін жарыққа шығарды. Оның пайымдауынша, герменев-
тика – ол түсіну құралы ғана емес, сонымен қатар болмыстың негізін 
айқындауға және көрсетуге ұмтылу, өйткені түсіну таным үдерісінің 
бір қырын құрап қана қоймайды, сондай-ақ адам болмысының тәсілі 
де болып табылады. Ол В.Дильтейдің бір немесе басқа дәуірдің руха-
ни ахуалына ену қажеттігі туралы идеясына қарсы шығады, өйткені 
оны мүмкін емес деп санайды. Біз қанша тырыссақ та, мысалы, Пла-
тон мен Аристотельдің дәуіріне кері орала алмаймыз және дүниені 
олар қабылдағандай қабылдай алмаймыз. Біз – басқамыз. Сондықтан 
әртүрлі уақыттағы әр алуан мәселелердің шешімдерін салыстыру ту-
ралы ғана сөз ете аламыз. Негізгі мақсат – өткен оқиғаны 
қайтадан 
құрап шығу емес
, оны қазіргі заман жағдайымен ұштастыру және 
соның негізінде жаңа мағыналар мен мәндерді 
құру
.
Герменевтикаға осындай көзқарас пікірлердің плюрализмін
1
ту-
дырды. Оның үстіне, Гадамердің өзі де бірде-бір адамның шындыққа 
толық көлемде ие бола алмайтынына сендіреді. Сондықтан тұрақты 
түрде біреумен әңгімелесу, басқаның ой-пікірлеріне ықыласпен қарау, 
оны түсінуге тырысу қажет.
Гадамерше, өткен ғасыр адамының жан дүниесіне енудің (ол мүмкін 
емес!) орнына, ол айтқан идеялардың мағынасына жету, ұғыну ке-
1
Бұл жерде: плюрализм – көптеген әдістердің, көзқарастар мен бағыттардың болуы заңды 
деп танушылық. 


272
рек, яғни мәтіннің ар жағынан тұлғаның қайталанбас ерекшеліктерін 
емес, авторды толғандырған мәселені көре білуге ұмтылу керек. Бұл 
жерде біз Г.Гадамердің герменевтикадағы артық психологизмге теріс 
көзқарасын көреміз.
Бір дәуірден екіншісіне өткенде мәдениеттегі ахуал өзгереді, ескі 
көзқарастар, құндылықтар мен нормалар сынға ұшырайды, жаңа 
философиялық, этикалық, эстетикалық және басқадай теориялар 
пайда болады. Алайда әлдебір тұрақты нәрсе қалады, ол тіл, соның 
нәтижесінде өмірлік тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа беріледі, адамдар 
бір-бірлерін өзара түсінеді. Осы тұрғыдан алғанда, түсінбеу – әртүрлі 
тілдерде сөйлеумен парапар. Сол себепті тілге құнттылықпен қарау 
арқылы, ұмыт болған сөздерді «тірілту», олардың құпия, жасырын 
мағыналарын ашу арқылы, біздің ойымызша, герменевтика мәдениетте 
өзінің делдалдық қызметін атқара алады.
XX ғасырдың 70 жылдарының ортасынан бері қарай Еуропа 
елдерінен өзге, АҚШ пен Канадаға қозғау салған «герменевтика 
дүңкілі» басталды.
Сонымен, герменевтика бүгінгі күні – ол тағы бір философиялық 
пән, бірақ ол философия мен ғылым тарихына, логикаға, психологияға 
лингвистикаға және т.б. негізделсе де, тіпті де философияны 
қайталамайды, бірақ оның назар аударатын нысанасы – нақты 
шындыққа енгізілген 
түсінетін адам
болды және бола бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет