278
ойы бойынша, адам – табиғи әлемдегі «әлдебір үйлесімсіздік», тәні
мен рухы бар, қарама-қайшылықтардан өрілген тіршілік иесі. Сол
себепті оны қажеттілікпен түсіну үшін, одан жоғары тұрған тіршілік
иесінің – Құдайдың болуы талап етіледі. Алайда бұл адам Құдайға
біржақты тәуелді дегенді білдірмейді. Философия адамның құдайшыл
және Құдайдың адамшыл екенін көрсетуге тиіс, өйткені Иса Мәсіх
(Христос) адам ретінде туды. Құдай – ол рух. Демек, рухани қарым-
қатынаста ғана адамдар осы дүниедегі өз болмысының мағынасын аша
алады. Діни экзистенциализмнің адамгершілік сипаты да осында.
Экзистенциализмнің атеистік нұсқасы (Ж.П.Сартр, А.Камю) тран-
ценденциализмді
ештеңе емеспен
теңдестіріп, оны (ештеңе еместі)
адамның терең құпия экзистенциясы санайды. Сөйтіп, экзистенция
өз аясында шектелген, уақытша адами өмір сүретін ештеңе емеске
ұмтылу болып шықты.
Еуропалық өркениет дағдарысы XX ғасырда ақыл-парасатқа
және рухани-адамгершілік құндылықтарға сенімсіздік тудырады.
Экзистенциализмнің өтпелі ойы: ақыл-ой негізінде ғылыми-техника-
лық өркендеу ары қарай дамуы шамасына қарай адам өмірін нашар-
латып, болмысын орнықсыздыққа келтіреді. Қатыгездік, зорлық-
зомбылық ілесе жүрген қоғамның ары қарай қиындай беруі адамнан
өз болмысын ұғынуды, ішкі жан дүниесіне терең талдау жасауды та-
лап етеді. Бұл оқшауланған әлемге адам өзінің рухани табандылығын
қарсы қоя алады. Егер осылай болса, онда қазіргі заман адамы үшін
ең маңыздысы табиғат немесе таным философиясы емес, – адамның
тіршілік етуі философиясы. Адам заттардың ішіндегі зат емес, ол зат-
тай байлыққа жетудің де, танымның да құралы емес, ол –
субъект –
еркін, өздігінен жетілген, жауапкершілікті болмыс.
Бұл гуманитарлық білімнің негізінде
Достарыңызбен бөлісу: