ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


экзистенция (тіршілік ету)  және  эссенция



Pdf көрінісі
бет252/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   382
Байланысты:
Философия

экзистенция
(тіршілік ету) 
және 
эссенция
(мән, мағына) түсініктері жатыр. Егер кез келген жа-
нуар бұл дүниеге өзінің мәнімен бірге тіршілік етуге келсе, онда адам 
бұл дүниеге алдымен тіршілік етуге келіп, көп жыл өткеннен кейін, 
көптеген сынақтардан өте отырып, өзінің мәнін, яғни болмысының 
мағынасын табады.
Көріп отырғанымыздай, экзистенциализмнің әртүрлі өкілдерінің 
әлеуметтік-саяси ұстанымдары бірдей емес, бірақ олардың барлығын 
бір-ақ нәрсе – осы күрделі және қарама-қайшылықтарға толы әлемде 
адамның нақты да шынайы өмір сүруіне деген орасан мүдделілік және 
алаңдаушылық біріктірген-ді.
Экзистенциализм осы замандағы барлық гуманитарлық ғылым-
дарды жаңа деңгейге көтерді.


279
8.9. Фрейдизм: саналы және санадан тыс әрекет мәселесі.
неофрейдизм
XX ғасырда ғалымдардың назарын адамның психикасында болатын 
санадан тыс қуатты қабат (қыртыс) өзіне аударды. Оған алғаш көңіл 
бөлген – австриялық дәрігер, психолог және философ 
зигмунд (Шло
-
мо) Фрейд 
(1856-1939) болды. Ұзақ жылдар бойы есі ауысқандардың 
психикасын зерттей келе, ол олардың мінез-құлқындағы, іс-
әрекеттеріндегі санадан тыс импульстердің үлкен рөлі бар екенін тап-
ты. Нәтижесінде, «психоталдау» дүниеге келіп, науқастарды емдеу-
де айтарлықтай табыстарға қол жетті. Бұл ғалымға шабыт беріп, ол 
психоталдаудың негізгі ережелерін қоғамға және мәдениетке, оның 
ішінде философияға да таратты. З.Фрейдтің негізгі еңбектері – 
«мен 
және Ол»
( бұл жерде де: ОЛ – орысша ОНО. – Аудармашы), 
«тотем 
және тыйым»
және басқалары.
Адамның көптеген құпия тілек-қалаулары және ұмтылысы санаға 
бағынбайтын әрекет қойнауларында жататын болып шықты. Оларды 
білу, табу адамды гипноз, яғни жасанды ұйқы жағдайына келтіргенде 
мүмкін болады, сондай-ақ кейбір байқаусызда айтылып қалған 
сөздерден, дене қимылдарынан, түс көруден де байқалады.
З.Фрейд бойынша, адам психикасы үш деңгейден тұрады:
1. 
Ego
(лат. – Мен, яғни тұлғаның сана-сезімі).
2. 
Super ego
(лат. – ең жоғарғы Мен, яғни әлеуметтендіру бары-
сында тұлғаның санасына енгізілген, адамның мінез-құлқының ішкі 
реттелуінде маңызы бар әлеуметтік нормалар мен құндылықтар 
жиынтығы). 
3. 
Libido
(лат. – құштарлық, құмарлық). Оған адамның бойын-
да санадан тыс жолмен өтіп жататын барлық психикалық үдерістер 
(түйсіктер, көзсіз құмарлықтар, әрекеттер, сезіну және тілектер 
және басқалары) жатады. З.Фрейд кейде оны екі әріппен: 
«Id»
деп 
белгілейді. Оның ойынша, санадан тыс әрекеттің өзегі – адамның 
барлық психикасын әрлендіріп, «Меннің» ерекшеліктерін тудыратын 
оның 
жыныстық энергиясы.
З.Фрейдтің пайымдауынша, егер адам психикасының (Id) терең 
қабаты өмірден рақат, ләззат алуға ұмтылса, ал сана-сезімі (Ego) өмір 
жағдайларына бейімделуге тырысады. Нәтижесінде, олардың арасында 
өне бойы қарама-қайшылықтар туып отырады. Егер адамның тәрбие 
барысында алған Super ego қасиеті ерекше күшті болып шықса, онда 
ол ләззат алуды көздейтін, санаға бағынбайтын импульстердің сыртқа 
шығуына кедергі тудырады. Бұндай жағдайда адамның жүйке қызметі 


280
нашарлап, не істегенін түсінбейтін күйге тап болады. Кей жағдайларда 
санадан тыс энергетика адамның шығармашылық дарынын туды-
рып, рухани құндылықтардың биігіне көтереді (лат. – sublimation – 
көтеремін).
Кейіннен санадан тыс әрекет құбылысын З.Фрейд адамның негізгі екі 
түйсігі: өмір – 
Эрос
және өлім – 
Танатос
әрекеттері аясында қарайды. 
Егер Эрос өмірге деген сүйіспеншілікті, достықты, қуанышты сезіну 
және т.б. оятса, ал Танатос өшпенділік, құртып-жоюға ұмтылушылық, 
адамды қорлау сияқты теріс әрекеттерге итермелеп, адамды өлімге 
жетелейді.
Алайда санадан тыс құмарлықтар қаншалықты күшті болса да, адам 
оларды құрықтап, өз бақылауына ала алады. Мұнда адамды мазасыз-
дандыратын, санаға бағынбай әрекет етуге итермелейтін импульстар-
ды 
«сананың айнасына» 
шығару туралы сөз болып отыр. Қиындықты 
санамен ұғу – оның шешімі жартылай табылды дегенді білдіреді.
Адамның санаға бағынбай, бұзылған психикалық күштерді 
бұғаулай алатын қуатты құралы бар, ол – 
мәдениет
. Мәдениет 
құндылықтары адамға өзінің көзсіз құмарлықтары мен әрекеттерін 
ығыстыра және шектей отырып, табиғатпен, басқа адамдармен 
өзара қарым-қатынастарын орнатуға көмектеседі. Алайда психика 
шектерінен ығыстырылған импульстер жоғалып кетпейді, олар өмір 
сүруін жалғастырып, жинақтала береді. Кей кездері сырттан бір не-
месе басқа амал тауып, олар адамды әртүрлі бақытсыздықтар мен 
қайғы-қасіреттерге ұшыратуы мүмкін. З.Фрейдтің ойынша, жыныстық 
құмарлықтар қатыгездікпен, зорлық-зомбылықпен және басқадай теріс 
құбылыстармен тығыз байланысты.
Сөйтіп, жоғарыда аталған екі түйсік мәдениет дамуының негізгі 
бағыттарын айқындай отырып, өне бойы бір-бірімен күресумен 
болады.
Жалпы, З.Фрейдтің ілімі сол заманғы Батыс елдеріне екіжақты 
ықпал етті. Бір жағынан, ғылым және емдеу формасы ретінде 
пси-
хоталдау
пайда болды, ол өмірдің 
қарқынды формалары
, тұрақты 
бәсекелестік, өмір үшін күреспен бірге, Батыс қоғамдары үшін өзгеше 
қажетті болып шықты. Екінші жағынан, фрейдизм, – бұл ілімнің 
негізгі қағидаларын көркем шығармашылық (кинофильмдер, пьесалар, 
романдар) тіліне аудару толқынында 
жыныстық төңкеріс
деп атала-
тын, қоғамның адамгершілік ахуалына теріс әсерін тигізетін жағдай 
орын алды.
Психосараптамалық идеялар халықаралық алаңға шыққан сол кезде-
ақ, яғни өткен жүзжылдықтың 20 жылдарында Батыста кең таралған 


281
уақытта, Фрейдтің психоталдауы экзистенциалистер (Ясперс), фено-
менологтар (Шелер), әсіресе философиялық антропология өкілдері 
тарапынан сын нысанасына айналды. Кейіннен Витгенштейн, Сартр, 
Поппер, Мунье сияқты философтар да әртүрлі психосараптамалық 
тұжырымдамаларды сынға алды.
Ал ең қызығы мынада: бұл философиялық сын ақыр соңында 
әртүрлі жоспарлардың, оның ішінде психосараптамалық идеялардың 
бір-біріне селбесе тіршілік етуіне негізделген жаңа ілімдерді құрғысы 
келетін саны көп әрекеттерге алып келді.
Фрейд шәкірттерінің бірі, өз көзқарасын санадан тыс әрекет тео-
риясына енгізген швейцарлық психолог және психиатр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет