ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет305/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   382
Байланысты:
Философия

ғылыми қауымдастықтың 
бағасына байланысты. Ал ол 
үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелері және олардың жетістігіне 
жеткізген әдістер мен амалдар 
ғылыми басылымдарда жариялануға
тиіс.
Зерттеуші жаңалықты «таза парақтан» тудырмайтын, білімдердің 
алдыңғы қорларына сүйенетін болғандықтан, ол тиісті бастауларға 
сілтеме
жасай отырып, басқа ғалымдардың да зерттеліп жатқан 
мәселеге қосқан үлестерін көрсетуге тиіс. Осындай шаралардың 


343
нәтижесінде ғылыми қауымдастық бір немесе басқа ғалымның 
ғылымға қосқан үлесін нақты бағалау мүмкіндігіне ие болады. Бұл 
жағдайда мәселенің заңдық маңызы (зияткерлік меншікке қатысты) 
ғана емес, сонымен бірге маңызды саналатын моральдық сипаты да 
бар, өйткені сөз ғалымның адамгершілік, ар-ождан тазалығы туралы 
болып отыр. Мәселенің техникалық-ұйымдастырушылық жағы да бар. 
Басылып шығып жатқан ғылыми және ғылыми-көпшілік өнімдердің 
орасан көптігі кезінде ондай амал-шараларсыз маңызды жұмыстарды 
маңызы аздардан ажырату аса қиын болуы мүмкін. Ол ғылыми 
қауымдастықтың айтарлықтай көп күші мен қаржысын шығындар еді.
«Сын және библиография» деген гриф-белгісі бар әрбір орнықты 
ғылыми басылым жарық көрген бір немесе басқа 
монографияның

мақаланың
маңыздылығына 
баға берілетін 
сараптамалық мақалалар 
жариялайды. Әр кездері ғылыми білімнің әртүрлі салаларында 
істелген істерге жасалған кең 
шолу
беріледі. Соның көмегімен 
ғалымдар ғылымның алдыңғы шебінде болып жатқан жаңалықтармен, 
әлі шешімін таппаған сұрақтармен және зерттелуге тиіс мәселелермен 
танысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл үдерістің демократияшылдығын 
көрсету керек. Қалаған жағдайда әр ғалым бір немесе басқа ғылыми 
еңбекке деген көзқарасын білдіре алады. Әрине, жұмыстың танымал 
ғалымның аузынан шыққан бағасының салмақты болатыны рас.
Баспалар шығаратын ғылыми әдебиеттерді төмендегідей түрлерге 
бөлуге болады:
а) 
ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар
;
ә) 
әртүрлі мәселелер бойынша жарияланған ғылыми жұмыстарға 
жасалған кең шолу
;
б) 
бір автор немесе ғалымдар тобы жазуы мүмкін монографиялар
;
в) 
оқулықтар, әдістемелік оқу құралдары, хрестоматиялар және 
басқалары
.
Өмірге орнықты енген ғылыми жетістіктер, әртүрлі ғылымдардың 
негізгі түсініктері оқу басылымдарында беріледі. Ірі ғылыми мәселелер 
өз шешімдерін монографияларда тапса, ал нақты бір тар мәселе 
жөніндегі ғылыми нәтижелер мақалаларда көрініс табады.
Жоғарыда аталған басылымдарда бір немесе басқа ғалымның 
жұмыстарына сілтеме жасау – оның зерттеулерінің маңыздылығын 
көрсетеді, ғылыми қауымдастық алдында оның беделінің артуына 
септігін тигізеді. Әлбетте, монографиялардағы сілтемелерді шағын 
мақаладағы сілтемелермен салыстыруға болмас.


344


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет