ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 ғылыми мамандықтарға мамандар даярлау туралы



Pdf көрінісі
бет306/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   382
Байланысты:
Философия

2.2. ғылыми мамандықтарға мамандар даярлау туралы
Кез келген ғылым өз қатарын талантты, ізденуші жастармен толық-
тырмаса, оның сөніп қалуы немесе қасаң қағидаттық ұйқыға кетуі 
әбден мүмкін.
Оның үстіне, бүгінгі таңда, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-
гуманитарлық ақпараттар қарқынды өскен кезде, жаңа ғылыми пәндер 
пайда болғанда, – егер біз өркендеуге жетуді қаласақ, онда ғылыми 
мамандар даярлауға ерекше назар аударылуға тиіс. Өкінішке қарай, 
барлық дерлік елдерде ғылым адамдары өзінің жалақы деңгейімен де, 
беделі деңгейімен де басқа тартымдырақ мамандықтармен бәсекеге 
түсе алмайды. Ғалымның беделін, мысалы, өнер қайраткерлерінің, 
саясаткерлердің немесе генералдардың беделімен салыстыруға болмай-
ды. Ғалымның жалақысы орта деңгейдегі мемлекеттік қызметкердің 
табысымен парапар. 
ғалымның артықшылығы
тек оның 
сүйікті 
мамандығымен
айналысатындығында ғана. Сондықтан ғылымға 
келетін жастар 
саналы, терең ойланған таңдау
жасауға тиіс.
Алайда барлығын да солғын түске бояу дұрыс болмас. Еліміздің ары 
қарайға өркендеуіне қарай қоғамның зияткерлік әлеуетіне көбірек көңіл 
бөлінетін болды. Елдегі университеттерде зертханалық базалар дамып 
жатыр, оқу үдерісінде компьютерлік технология кеңінен пайдаланыла-
ды, дарынды жастардың конкурстық негізде президенттік «Болашақ» 
бағдарламасы бойынша дамыған елдердің жоғары оқу орындарында 
оқитын мүмкіндіктері бар. Жоғары білімді, ғылымға ұмтылатын жас-
тар әлемдегі ірі ғылыми орталықтарда тәжірибеден өте алады. Өмірдің 
барлық салаларына Батыстың жоғары стандарттарына сай жаңа техноло-
гиялар енгізіліп жатыр. Елдің ірі қалаларында технопарктер, инкубатор-
лар салынып, пайдалануға берілген. Ғылымға ынтық жастар сол жерлер-
де зерттеулерін жүргізіп, шығармашылық әлеуеттерін іске асыра алады.
Дүние жүзін жайлаған дағдарыс әлемдік экономиканың жер 
шарының барлық елдерінің, оның ішінде Қазақстанның да өміріне 
ауырлық түсірген көптеген теріс жақтарын ашып берді: экономиканың 
шикізаттық бағытынан тез арада шегініп, қазіргі заманға сай техноло-
гиялар енгізу, адам капиталын дамыту негізінде елді индустрияланды-
ру керектігі туралы мәселені төтесінен қойды.
Біздің көзқарасымыз бойынша, елді ары қарай индустрияландыру-
да еңбекті әлемдік бөлу тәжірибесін ескеру қажет. Мысалы, әлемдік 
машина жасау өндірісінде ғасырлық тәжірибесі және онжылдықтар 
бойы жинақтаған қуатты шығармашылық әлеуеті бар дамыған ел-
дермен бәсекелесе және сол жерден өз орнымызды таба аламыз ба? 


345
Электрондық өнеркәсіп бойынша да соны айтуға болады. Ауыл 
шаруашылығына қажетті машиналар, кен-руда өнеркәсібі үшін құрал-
жабдықтар жасау туралы айтсақ, онда өзіміздің меншікті индустрия-
мызсыз бұл салаларда тіпті де жұмыс істей алмаған болар едік.
Қазақстандық әлеумет үшін «Құдайдың Өзі берген» мақсат та, 
міндет те – ауыл шаруашылығын және сонымен байланысты жеңіл 
өнеркәсіпті өркендету. Кеңес заманы тұсында ауыл шаруашылығын 
дамытуға миллиондаған қаржы салынуы кездейсоқ емес. Біздің па-
йымдауымызша, мемлекеттің осы кездегі күш-қуаты, бәрінен бұрын, 
өнімді қайта өңдеуді және өткізуді, шағын шаруа қожалықтарына 
материалдық-техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін әртүрлі 
қауымдастықтар құру арқылы экономиканың аграрлық саласына 
бағытталуға тиіс. Жоғары білікті менеджерлер даярлау, техника мен 
құрал-жабдықтар сатып алу үшін кредиттер беруді қамқорлыққа алу 
аса маңызды. Осының барлығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз 
етуге, ауылдар мен шағын қалаларда жаңа жұмыс орындарын құру 
арқылы қалаға қысым түсуін жеңілдетуге, аграрлық сектордың 
экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
Екінші бір кезек күттірмейтін мәселе – ол құрылыс индустриясын 
дамыту, халықтың қалаларға шоғырлануы қарқын алып келе жатқан 
қоғамның өткір қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, қалаларда ар-
зан және көлемі ықшам тұрғын үйлер құрылысын кең жүргізу. Оның 
үстіне, басты назар шектен тыс өсіп келе жатқан мегаполистерге емес, 
шағын қалаларға аударылуға тиіс.
АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті А.Гор 2007 жылдың желтоқ-
санында өзіне қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін Нобель 
сыйлығы тапсырылып жатқанда жердегі климаттың өзгеруі туралы айта 
келе, әлдебір қолапайсыздық қазіргі заманғы өркениет негізінің өзінде 
жатуы мүмкін деген мағынада пікір айтқан-ды. А.Гордың ойын ары қарай 
жалғастыруға бекініп, қазіргі заман адамзатын құртып отырған кеселдің 
нақ осы 
рухани-адамгершілік тоқырау
екенін нық сеніммен айта аламыз. 
Адам өмірінің сыртқы жағы жыл өткен сайын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет