өз-өзіңді жеңу . Ол үшін
төмендегі қағидаларды бұлжытпай орындау керек:
–
сатья – қаншалықты қиын болса да, әрқашан шындықты айту.
–
апариграха –материалдық игіліктерге немқұрайдылық, яғни
оған құштар болмау, пайдакүнемдікті ойламау.
–
ахимса – ешбір жаны бар тіршілік иесіне зиян келтірмеу
(зорлық-зомбылық көрсетпеу).
Еске сала кетейік: XX ғасырда Махатма Ганди нақ осы зорлық-
зомбылық көрсетпеу қағидасына (ахимсаға) сүйене отырып, үнді
халқын бостандыққа жеткізді.
ә)
бұдда діні. Бұл – әлемдік дін деңгейіне көтерілген философиялық
ілім. Негізін салушы – Гаутама Сидхартха (б.з.д. 563-483 жж.). Елу
жасқа жеткенге дейін шындық іздеп, «Бұдда» (көзі ашық, дана) ата-
нып, өз мектебін құрған.
бұддашылықтың негізгі қағидалары: Барлығы да –
азап, күйзеліс (азаптанып дүниеге келу және азаппен
өлу, ата-анадан, достардан, сүйіктіңнен айырылу, орындалмаған тілек-
ниеттердің азабы және т.б.).
Күйзелістердің
себептері өмірге құштарлықта, ләззат алуда
жатыр.
Күйзелістерден
құтылуға болады.
Олардан құтылудың
сегіздік жолы бар:
1.
Дұрыс ойлау. Егер адам: «Ол мені қорлады, ұрып-соқты, жеңді,
тонады», – деп ойласа, онда оның мазасы кетіп, бойын кек кернейді.
2.
Дұрыс сөйлеу. Ауыздан шығатын сөз – шын және айнала-
дағыларға жағымды болуға тиіс, балағат сөздер қоршаған ортаны лас-
тайды.
40
3.
Дұрыс іс-әрекеттер , яғни шындық үшін ерлік жасауға дайын
болу.
4.
Дұрыс өмір салты , демек, бейбіт, адал, таза өмір сүру.
5.
Дұрыс ниет-пиғыл , яғни жамандық жасамау.
6.