ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет341/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   382
Байланысты:
Философия

өзгергіштікпен
және жаңадан ие болған қасиеттердің 
табиғи 
іріктелуі, тұқым қуалаушылығы
арқылы ғана түсіндіреді. Олар 
келесі ережелерден шығады:
а) 
жан-жануарлардың кез келгендерінің ішінде бір немесе басқа 
түрі өзгерістерге ұшырайды. Оны әрбір елгезек, зейінді адам байқай 
алады;
ә) 
кейбір өзгерістердің генетикалық сипаты болады, ал кейбіреулері 
өзгермелі қоршаған ортаға бейімделу нәтижесінде пайда болады;
б) 
ересек кезде тудырушылық жағдайға жеткендерге қарағанда, 
дүниеге келіп жататын организмдердің саны қашанда басым. Кейбір 
организмдер өмір жағдайларына төтеп бере алмай, тиісті уақытқа 
жетпей, өліп жатады. Тек өмірге бейім, өзгеріп жататын болмысқа 
бейімделуге қабілетті даралар ғана өздерін сақтап қала алады. 
Жаңадан ие болған қасиеттерін ол тұқымқуалаушылық, мұрагерлік 
жолмен өз ұрпақтарына қалдырады.
Жануарлар тобында бір түрлердің ұзақ уақыт өмір сүруінің (по-
пуляция) эволюциялық үдерістері механизмдері ерекше айқын 
көрінеді. Бір немесе басқа табынның ішінде бір жануарлардың еркін 
және, сонымен қатар кездейсоқ будандасатынын көреміз. Біздің ой-
толғаныстарымыз осы жерге келгенде: «
генетикалық өзгерістер (му
-


385
тация)
даму үдерісіне қаншалықты ықпал етеді?» – деген сұрақ туады. 
Әлбетте, мутация үдерісі, яғни генетикалық деректің өзгеруі бір не-
месе басқа популяцияның ішінде өмір сүріп жатқан жануарлардың бір 
түрлерінің басқа түрлерге айналуына жеткізеді. Демек, эволюциялық 
үдеріске ықпалын тигізеді, бірақ бұл эволюциялық үдерістің шешуші 
факторы болып табылады деп сендіру асығыстық болар еді. Керісінше, 
кейде ол теріс ықпалын да тигізіп отырған. Егер ядролық қаруды 
сынақтан өткізетін аймақта өмір сүрген адамдардың қайғы-қасіретін 
алып қарасақ, онда радиацияға, генетикалық мутацияға ұшыраған 
бірде-бір әйелдің жарық дүниеге дені сау, құрсақта дұрыс жетілген 
нәресте әкелмегенін көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет