ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет340/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   382
болбыр қабығы
бар. Заттардың, энергия мен ақпараттың алма-
суы жасушаның 
метаболизмі
деп аталады. Ол кезде жасуша қашанда 
гомеостаз
деп аталатын ішкі орнықты күйін сақтайды.
Ғылым ретінде биология тарихи тұрғыда өз дамуының үш сатысы-
нан өтті. Бірінші сатыда өсімдік және жануарлар түрлерінің жүйеленуі 
орын алды. Бүгінгі күнге дейін 
1 миллионға жуық жануар, 0,5 мил-
лион 
алуан түрлі 
өсімдік
және 
үш мыңдай микроорганизм 
зерт-
телді. Бұл жүйелеу ісіне швед ғалымы 
карл линней
орасан зор үлес 
қосты.
Екінші сатыда келесі сұрақтар пайда болды:
Тірі тіршілік әлемінде не болып жатыр? Жануарлардың бір түрінен 
қалайша екінші түрі пайда болады немесе олар Құдай қалай жаратса, 
солай қалады?
Жер шарының әр түкпірінен табылған ертедегі жануарлардың 
сүйектері ғалымдарды жоғарыдағы сұрақтар бойынша ойлануға 
мәжбүр етті. Француз ғалымы 
ж.ламарк 
жануарлардың өзгеруін екі 
жағдаймен түсіндіреді. Бір жағынан, бұл – өзгеріп жатқан қоршаған 
ортаның әсері, екінші жағынан, – тұқым қуалаушылық факторы, яғни 
жаңадан пайда болған қасиеттердің келесі ұрпаққа берілуі. 
«биоло
-
гия» 
деген терминнің өзін ғылымға осы ғалым енгізген.
Ж.Ламарктың идеяларын қабылдап, ары қарай дамытқан ағылшын 
ғалымы, сэр 
Чарльз спенсер Дарвин
болды. Ол «Бигль» деген ке-
меге мініп, жер шарын айнала саяхат жасап, планетадағы әртүрлі 
жан-жануарлар мен өсімдіктердің саны туралы орасан көп факт 
жинақтаудың негізінде биологияға эволюциялық теория енгізді. Оның 
1859 жылы жарық көрген 
«түрлердің пайда болуы»
деп аталатын 
кітабы сол замандағы қоғамдық пікірге «жарылған бомбадай» әсер 
етті, өйткені ол 
адамның маймылдан шыққанын
дәлелдеуге әрекет 


384
етіп, сол арқылы діннің «адамды Құдай өзіне ұқсатып жаратты» дейтін 
негізгі постулатын терістеді.
Әлбетте, өмірдің әртүрлі, әлі де көп құпияны сақтап отырған 
формаларының күрделілігі эволюциялық теорияға сенімсіздікпен 
қарайтын ғалымдардың болуына келтіреді. Кезінде М.Лютер атап 
көрсеткендей, «егер Құдайды білгің келсе, жай ғана бір биттің 
ішін ашып көр». Алайда бүгінгі таңда жер бетіндегі өмірдің осын-
дай әртүрлілігін түсіндіріп бере алатын балама теория туған жоқ. 
Керісінше, биологияда терең тамырланған эволюция идеясы ғылымның 
басқа салаларына да кең тарап жатыр.
Қазіргі заманғы физика әлемнің «Үлкен жарылыс» нәтижесінде 
пайда болғанына және миллиардтаған жылдар бойы қалыптасудың, 
күрделенудің әртүрлі сатыларынан өте келе, химиялық үдерістерді 
және соларға байланысты химиялық қосылыстарды туғыза отырып, 
өмірдің өзінің пайда болуының алғышарттарын құрғанына сендіреді. 
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы биологияның түрлі-түрлі салала-
рында ашылған жаңалықтарды қорыта және жүйеге келтіре отырып, 
өмірдің әртүрлі формаларын түсіндірудің теориялық негізі болады.
Эволюциялық теория жанды табиғаттың әртүрлілігін екі фактор-
мен: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет