409
Демографтардың болжамдары бойынша, болашақта Үндістан
халқының саны Қытай халқынан асып кетеді, ал Африка континентінде
халық саны 1,5 млрд. адамға жетуі мүмкін. Өндіргіш күштердің
жетілмеуі, халықтың білім алу, мәдениет деңгейінің төмендігі бала
тууға шектеу қойылмайтын ескі өмір салтының сақталуына себеп бо-
лып отыр. Алайда Қытайдың бала тууды шектеудегі жиырма жылдық
табысты тәжірибесін, мүмкін, жақын жылдарда басқа да көптеген да-
мушы елдер қабылдап қалар.
Қазақстанға келсек, онда бұл жерде орасан үлкен өлкені (жер
аумағы бойынша еліміз ірі елдердің ондығына енген)
қалыпты иге-
ру үшін, халық санын көбейту мәселесі өткір болып тұр. Біздің ойы-
мызша, елдің әлеуетін нығайту шамасына қарай, халық санының
өсуіне серпін беру үшін, үкімет демографиялық саясатқа көбірек көңіл
бөлетін болады.
Жаһандану
«солтүстік пен Оңтүстік»
деп аталатын мәселені
туғызды. «Солтүстік» деп материалдық
тұрғыда рақатқа бату-
шы, негізінен, экватордан жоғары жатқан постиндустриалдық ел-
дерде болатын «алтын миллиард» түсінілсе керек. «Оңтүстік» деп,
негізінен, өндіргіш күштерінің даму деңгейі төмен,
бір миллиардқа
жуақ адам тақыр кедейшіліктен көз ашпай отырған, жаңадан дамып
келе жатқан елдер аталады. Бұл – халықаралық шиеленіспен қатар,
дамыған және дамушы елдер арасында
елеулі қарама-қайшылық ту-
дырады. Бүгінгі күні дамушы елдердің дамыған елдерге 1 трлн. дол-
лардан астам қарызы бар. Оның үстіне, олардың көпшілігінің үстеме
пайыздарды өтейтін қауқары жоқ. Аталған мемлекеттердің өмір
деңгейінің айырмашылығы азаюдың орнына, керісінше,
жыл өткен
сайын ұлғайып барады. Дүниежүзілік қауымдастық тым кедей елдер-
ге көмек көрсету мақсатында жылына 50 млрд. долларға жуық ақша
бөлсе, сол уақытта АҚШ Ирактағы соғысқа жүз миллиардтаған доллар
шығын шығарады. Халықаралық терроризмнің әлеуметтік тамырлары,
міне, Батыста насихатталғандай, исламда емес,
қайда жатқанын енді
түсінген шығармыз.
Енді бүгінгі күні дамушы елдердің қарыздарын есептен шығарып
тастау арқылы және халықаралық саясаттағы жаңа апаттардың жо-
лын кесу мақсатында ұлттық экономикаларды реттеу үшін тиімді
экономикалық көмек беру арқылы жаңа экономикалық тәртіп орната-
тын кез келді.
Ғаламдық сипат алған келесі мәселе –
әлем халықтарының
білім
әлеуетін көтеру. Онсыз жаңа технологияларды игеру мүмкін емес.
410
Тіпті егер адам оқи және жаза білсе де, ол «қызмет тұрғысынан са-
уатсыз» болуы мүмкін, яғни компьютерлік бағдарламаларды білмейді
және қазіргі заман ағымына сай құрылған кәсіпорындарда жұмыс істей
алмайды.
Халықтың
Достарыңызбен бөлісу: