52
философиялық жүйелерді құруға жақсы негіз болады. Ондай жұмысты
ерте замандардың ұлы данышпандары
платон
(б.з.д. 427-347 жж.)
мен
аристотель
(б.з.д. 384-322 жж.) атқарды. Сондықтан да олардың
шығармашылық кезеңі
ерте грек классикасын
құрайды, яғни бүкіл
адамзат үшін өшпес рухани құндылығы сақталады.
Платонның шын есімі –
аристокл
. Иықтарының өзгеше кеңдігіне
бола, ол
Platos
(грекше – кең) деген лақап ат иеленіп, тарихта солай
сақталып қалды. Өз заманы тұрғысынан қарағанда, ол керемет білім
алған. Жиырма жасында Сократпен кездесіп, оның ыждағатты шәкірті
болды, рухани төңкерісті басынан өткеріп, бүкіл өмірін философияға
арнады.
Платон шығармашылығының ерекшелігі – ол өзінің барлық
еңбектерін сұхбат (әңгімелесу) түрінде жазған, ол сұхбаттарының
негізгі кейіпкері көп жағдайда Сократ болатын. Платонның негізгі
туындылары:
«мемлекет», «заңдар», «сократтың апологиясы»,
«парменид»
және басқалары. Платонның көзқарастарының қалып-
тасуына Сократтан басқа: Әлемнің мәңгі қалыптасуы туралы идеяла-
рымен Гераклит; мүлтіксіз, ақылға қонымды Болмысымен Парменид
және математикалық идеяларымен Пифагор оң ықпал етті.
Философия саласында Платон іске асырған
Достарыңызбен бөлісу: