ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет79/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   382
Байланысты:
Философия

2.6. ибн-сина мен ибн-Рушд
Ортағасырлық ірі ғалым-энциклопедистердің бірі 
әбу-әли ибн-
сина 
(980-1037) Бұқараға жақын жерде дүниеге келген. Ұлты – тәжік. 
Еуропаландырылған есімі – 
авиценна
. Негізгі еңбектері: 
«логика», 
«метафизика», «Риторика»
(«Шешендік») және басқалары.
Ибн-Сина әлемнің білімді адамдарына өз қызметінің екі жағымен 
танымал: ол дәрігер және философ. Оның «Сауығу кітабы» төрт ғасыр 
бойы еуропалық студент-дәрігерлердің қойын кітапшасы болған.
Оның философиялық идеяларына тоқталар болсақ, оның болмыс 
туралы ілімі де эманация қағидасына сүйенеді. Әлем Алланың – 
бастапқы себептің жан-жақты жетілуіне және кемерінен асып төгілуіне 
байланысты пайда болған. Алғашқы себеп кемерінен аса отырып, 
иерархиялық тәртіппен Әлемдік Ақыл-парасатты, Жанды, қозғалыссыз 


90
Аспан әлемдерін және, ақырында, Ай астындағы, біз өмір сүріп жатқан 
әлемді тудырады. Көріп отырғанымыздай, Ибн-Синаның көзқарасы 
Әл-Фарабидің болмыс туралы түсініктеріне жақын.
Ибн-Сина болмыстың «өмір сүру» және «мән» сияқты санаттары-
на айтарлықтай көңіл бөлген. Алғашқысы – нақты, ал мән – дерексіз 
(абстрактілі). Мысалы, жер бетінде өмір сүретін нақты тірі адамдар, 
аттар, иттер және басқалары бар. Ал олардың мәні «адамдық» және 
«хайуандық» ұғымдарды құрайды – олар жалаң, дерексіз. Әлемнің 
нақты денелері мен заттары бұл дүниеге келеді және уақыт өте келе – 
кетеді, ал олардың мәндері қалады, өйткені олар мәңгі және кемеліне 
келген.
Табиғатта бар заттар мен денелер ықтимал, болуы мүмкін бол-
мыс қана болып табылады, өйткені олардың өзіндік негіздемелері 
жоқ. Олар бұл дүниеге жағдайлардың, кездейсоқтықтардың тоғысуы 
нәтижесінде келеді. Негізінде, олардың пайда болмауы да мүмкін. Ал 
егер қажеттіні, яғни бар болуды қарастырсақ, онда Ол бар және оның 
болмыссыздығы (болмаушылығы) мүмкін емес, өйткені оның өмір 
сүруінің өзіндік негіздемелері бар. Ол – Алла.
Ибн-Сина 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет