ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет84/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   382
Байланысты:
Философия

географиялық детерминизм
1
деп аталады.
Ойшылдың осындай пікірлерінде ұтымды мән-мағына бар ма? 
Әрине, бар. Оның үстіне, теориялық қана емес, практикалық-саяси 
да мәні бар. Бүгінгі таңда дамыған елдердің тәжірибесін үйрене оты-
рып, біз өз еліміздің ерекшеліктерін ескермейміз, яғни қыстың жеті 
айға созылатынын, судың тапшылығын, халықтың аз қоныстанатын 
аймақтарын, көп жерлердің бос жатқанын естен шығарып аламыз. Де-
мек, біз, сірә, елімізді еуропалық мәнермен өзгерте алмаспыз. Еліміздің 
болашақтағы бейнесі өзіндік болмақ. Мүмкін, халық аз қоныстанған 
көптеген жерлер ұлттық саябақтарға айналар, ал біз бүгінгі күні құрып 
бара жатқан өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін қалпына келтірерміз. 
Демек, біз ата-бабаларымыздың тәжірибелерін ұмытпауға тиіспіз.
Сонымен бірге Ибн-Хальдун барлығының да табиғат факторларына 
тәуелді еместігін айтады. Климат жағдайлары бірдей елдерде өмір сүріп 
1
Детерминизм – табиғат пен қоғам құбылыстарының объективтік заңдылығы мен себептік 
байланыстылығын мойындайтын философиялық тұжырымдама.


95
жатқан әртүрлі халықтардың өмір сүру деңгейі де әртүрлі: біреулері 
бай, ал екіншілері кедей дегендей. Ибн-Хальдунның данышпандығы 
оның осы фактіні айтқандығы емес, ол сонымен қатар оның себептерін 
де көрсетеді емес пе! Қоғамдар өзара 
нені
және 
қалай өндіретіндігіне
және алған игіліктерді қалай 
бөлетіндігіне қарай
ажыратылады. 
Сөйтіп, Ибн-Хальдун К.Марксқа дейін 400 жыл бұрын-ақ қоғамның 
материалистік түсінігіне дейін көтеріле алған.
Ибн-Хальдун терең ойшыл ретінде қоғам дамуындағы: 
бидави
және 
хидари
деген екі ірі кезеңді ажыратып көрсетеді. Бұл сөздердің 
шығу тегі мынадай: «бидави» ауылдық, бастапқы, көшпенді қоғамды, 
ал «хидари» қалалық, астаналық қоғамды білдіреді. Егер бастапқы 
кезеңде адамдар мал шаруашылығымен және жер өңдеумен айналысса, 
ал хидари кезеңінде қалалар, әртүрлі кәсіптер, сауда-саттық, ғылым 
мен өнер пайда болады. Бұл – іс жүзінде кейіннен еуропалықтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет