ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет142/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   382
Байланысты:
Философия

«тіршілік ету – 
демек, қабылдану» 
деген формуласы осыдан шықса керек.
Бұндай көзқарас оны 
солипсизмге
( лат. – solus – жалғыз), яғни мен 
жалғыз өзім тіршілік етемін, ал барлық қалғандары менің қиялымнан 
туған деген пікірге келтіреді. Философияда бұл субъективтік 
идеализмнің шектен шыққан түрі деп бағаланады. Беркли Құдайдың 


158
платондық жоғарғы идея немесе рух деп түсіндірілетін зияткерлік 
жасампаздығын алға шығарады.
Дж.Беркли дүниенің объективтік тіршілігін көпшілік адамдардың 
көзқарастарымен байланыстырады. Егер олар бір-біріне сәйкес кел-
се, онда – зат объективті түрде бар болып шығады. Көп адамдардың 
бір немесе басқа зат туралы пікірлерінің сәйкес келуі – Жаратушы 
ықпалының нәтижесі.
Сөйтіп, Берклидің шығармашылығын жаратылыстанудың даму-
ына тікелей байланысты материалистік философияның орын алуына 
деген қарсы әрекеті деп бағалауға болады, сонымен қатар ол эмпи- 
риокритицизм, прагматизм, неопозитивизм бастауларының бірі бо-
лып табылады.
Шотландық философ, публицист, тарихшы, еуропалық позитивизм 
мен феноменология бастамашыларының бірі, сыни скептицизмнің 
жарқын өкілі 
Давид Юм
(1711-1776) өзінің «Адам табиғаты туралы 
трактат» атты басты шығармасында адам табиғаты тым аз зерттелген 
деп санағандықтан, оның тұтастық жүйесін құруға әрекеттенді.
Бұл жүйенің негізгі мазмұны, ойшылдың пікірінше, адамның 
ойлау қабілетінің ұстанымдары мен әрекеттерін, сондай-ақ оның 
идеяларының табиғатын түсіндіретін 
логикадан
; адамның ішкі 
сезімдеріне қатысты 
этикадан

талғам
(критицизм – эстетика) және 
адамдарды қоғамға біріккен және бір-біріне тәуелді деп қарайтын 
сая-
сат
туралы 
ілімнен
құралады.
Әлемді адамның танып білуінің мүмкіндіктері қаншалықты болса, 
міне, философияның негізгі мәселесі де осындай. Д.Юмның пікірінше, 
адам танымының негізінде сезімдік қабылдау жатыр. Демек, Д.Юм – 
сенсуалист. Алайда ол сезімдік танымнан метафизикалық танымға, 
яғни жалпылама түсініктерге келу мүмкін емес деген қорытынды 
жасайды. Егер Дж.Беркли «материя» түсінігін сынға алса, Д.Юм 
Құдай идеясының да дәлелденбейтінін, өйткені бұл жерде біз тек 
өзіміздің сезімдерімізді және оның әртүрлі әрекеттерін білетінімізді 
айтады. Олай болса, философия да біздің сезім-түйсіктеріміздің 
әртүрлі әрекеттері негізінде идеялардың пайда болуына келтіретін 
алғышарттарды зерттеуге тиіс.
«Юм гильотині» деген атқа ие болған қағида соның атымен бай-
ланыстырылады. Бұл термин арқылы факт пікірі мен борыш пікірін 
(дескриптивтік және прескриптивтік пікірлер) олардың қисынды 
мәртебесі бойынша күрт шектейтін әдістемелік тәсіл көрсетіледі: 
алғашқылар референттік, яғни шынайы маңызы бар пікірлер деп 


159
қарастырылса, екіншілері шынайылықтан тыс деп түсіндіріледі. Де-
мек, барлық шарттары дескриптивтік (сипатталатын), ал нәтижесі 
прескриптивтік, мүмкін емес, яғни моральдық императивтері (норма-
лары) бар нәрсе туралы білімдерден шықпайтын, қисынды, дұрыс па-
йымдау жасау керек екен. Бұл идеяларды алғаш рет Юм тудырған, сол 
себепті философияға «Юм қағидасы» деген атпен енген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет