ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет143/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   382
Байланысты:
Философия

5.3. Француз ағартушылары
Францияда XVIII ғасырда философия әлеуетті қоғамдық-мәдени 
қозғалысқа айналған Ағартудан дамуға нақты серпін ала отырып, 
Ағартудың жүрегі, өзегі ретінде әрекет етті.
Барлық француз ағартушыларын біріктіретін 
негізгі
идея – ол 
адамзатты толғандыратын мәселелердің барлығы 
философиялық 
ақыл-парасат тезінен өтуге
және содан 
негіз табуға
тиіс. Еркін ой-
лау бұрын-соңды болмаған биік деңгейге көтерілді: табиғатты тану 
да, бұрын қалыптасқан түсініктер де теріске шығарылды, енді өмірге 
жаңаша көзқарас, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады.
Ағартушылар әлеуметтік өзгерістердің бағдарламасын құруға және 
Адамның жаңа мақсат-мұратын қалыптастыруға тырысты. Осындай 
дүниетанымды құру жөніндегі түпқазық – 1751-1780 жылдары Дидро 
шығарған (алғашқы жылдары д’Аламбермен бірге) 
Энциклопедия
болды. Сол себепті француз ағартушылары 
энциклопедистер
деп те 
аталады. Энциклопедия төңірегіне жиналып, олар Ф.Бэкон сызып бер-
ген: әлеуметтік прогресті ғылыми прогреспен байланыстыратын «ұлы 
ғылымдардың қалпына келтірілуі» жоспарын жүзеге асырмақ болды. 
Француз ағартушыларының еңбектерінде Табиғаттың және ондағы 
адамның алатын орнының жаңа 
материалистік
ұғымы қалыптаса бас-
тады. Өздерінің 
әлеуметтік-саяси
идеяларымен олар әсіресе қоғамға 
үлкен ықпал етті. Қызба ұлт өкілдері болғандықтан, олар орнықты 
ағылшындардан асып түсіп, күн тәртібіне қоғамның пісіп-жетілген 
саяси-құқықтық мәселелерін шешу қажеттігі туралы сұрақты ашық қоя 
отырып, қалыптасқан 
феодалдық
тәртіптерге даусыз қарсы шықты.
Ағартушылық қозғалыстың негізін 
Ф.Вольтер
мен 
Ш.монтескьё 
қалады. Өздерінің озық идеялары арқылы олар ағартушылардың келесі 
ұрпағының (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет