ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет15/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   382
бұрынғы ғалымдардың идеяларына
сүйенеді, 
ол – өз-өзін шашынан сүйреп батпақтан шығарған барон Мюнхгаузен 
емес. Бұл бұрынғы ғалымдардың да, қазіргі заман ғалымдарының да 
шығармашылық жаңалықтарына сондайлық ілтипатпен, соншалықты 
құрметпен қарауды қажет етеді. Егер ғалымды ғылыми қауымдастық 
шығармашылық ұрлық
(плагиат) жасады, яғни өзгелердің идеяларын 
иеленіп алды деп айыптаса, ондай ғалымға деген жеккөрініштіліктен 
асқан ештеңе бола қоймас;
б) сонымен бірге ғылымның жетістіктері көлеңкеде қалып қоюға 
тиіс емес, ал қоғам өз «батырының бет-жүзін тануға» және оның 
қызметіне деген құрметін әркез білдіріп отыруға тиіс. Демек, жалғыз 
моральдық қолдау жеткіліксіз екен. Сол себепті мемлекет оның 
зияткерлік меншігін
тиісті заңдық кепілдіктермен қамтамасыз етуге 
міндетті. Ғалым өз қызметінен материалдық та, моральдық та қолдау 
көрген жағдайда ғана оның одан арғы шығармашылық қызметіне кең 
жол ашылады;
в) ғалым әртүрлі 
сертификаттар, марапаттар
мен 
дипломдар
және т.б. түріндегі ресми заңдық танылуға қол жеткізуді ойламай, 
шындықты ашу үшін
риясыз, бәрін бойына сіңірген құлшыныспен 
ілгері ұмтылуға тиіс;
г) алдыңғы аталғандарға бой алдыру – жең ұшынан жалғасу, 
сыбайласқан жемқорлық сияқты, ғалымның әртекті пайдалар алуға 
бағытталған қызметінің көлеңкелі жақтарына әкеп соқтырады; бұл 
жағдайда шындықты іздеу «арзанқолды жұмысқа» айналады;
д) сонымен, бүгінгі күні, Р.Декарттың уақытында да болғандай, бір 
немесе басқадай ғылыми жетістіктерді бағалау кезінде 
күмән

сын

қисынды дәлелдеушіліктің
ұстанымдары олардың шынайылығын та-
нып білудің таптырмайтын құралдары болып қала береді. 
Әлбетте, адамдардың мүдделері мен мақсаттары тоқайласып жата-
тын нақты өмірде жоғарыда аталған құндылықтар толығымен жүзеге 
аса бермейді. Сол себепті ғылымның нормалары мен құндылықтарына 
Мертон жасаған талдау сан рет сынға ұшырады. Алайда қазіргі за-
ман ғылымының этосын әзірлей отырып, Мертонның өзектілігі аса 
жоғары, бірақ қозғалыссыз жатқан адамгершілік-этикалық мәселелерге 
жан бітіргенімен келіспеуге болмайды. Сондықтан да әрбір ғалымның 
ғылыми этиканың жоғарыда аталып өткен құндылықтары мен норма-
ларын іс жүзіне асыруға ұмтылғаны абзал.


24
Қазіргі заманғы ғылымда ғылыми зерттеулердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет