ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет177/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   382
Байланысты:
Философия

теңбе-теңдігін
ғана емес, олардың 
айырмашылығын
да мойындайды, соның нәтижесінде басынан 
бастап-ақ Даралық өз ішінде диалектикалық қарама-қайшылықта, 
тұрақсыз, ары қарай даму импульстері бар болып шығады.
Нәтижесінде, Гегель Даралықтың дамуына 
тарихи
көзқарас 
енгізіп, алдыңғы ахуалды терістеу негізінде қарама-қайшылықтарды 
жеңу қалай болатынын көрсете алды, өз кезегінде, ол да өзгерістерге 
ұшырап, терістеледі. Ойшылдың өзі бейнелеп айтқандай, шындық – 
ол дайын, соғылған, шиырып жіберіп қалтаға салуға болатын мәнет 
емес. Оған жету үшін, жеке тұлға алдымен өзінің дамуы барысында 
рух жүріп өткен тарихи жолды білуге және игеруге тиіс.
Жоғарыда көрсетілген диалектикалық идеялардың негізінде Гегель 
Даралық идеясын
танудан басталатын өзінің 
ғаламат философиялық 
жүйесін
құрды. Ол бар, басқа сөзбен айтқанда, даусыз білім, таза, ма-
териямен ластанбаған түсінік – шынайы болмыстың өзі. Оның өз-өзін 
танып білу және өзін-өзі айқындау үдерісін Гегель «Логика ғылымы» 
еңбегінде зерттейді. Дара идея мәңгі өмір сүреді және өз дамуы бары-
сында әртүрлі кезеңдерден өтеді.
Дара идеяның өз-өзін ашуының бірінші кезеңі – логика, яғни қисын 
болып табылады. Сол арқылы Дара идея өзінің жалпылама мазмұнында 
санаттар жүйесі ретінде ең бір «қарапайым»: болмыс, болмыссыздық, 
қалыптасу, дәл қазір бар болмыс, сапа, сан сияқты нәрселерден бастап, 
нақты мазмұндағы түсініктер: химизм, биологизм және басқалары 
сияқтылармен аяқтай ашылады. Идеялар дамуының таза ойлары мен 
баспалдақтары сияқты, олар заттардың мәнін құрайды.
Өз-өзін енді танып білген Дара идеяның ары қарайғы ашылуы – 
идеяның басқадай сырттанған болмысы болып табылатын 
табиғатта
орын алады. Бұл – Дара идеяның дамуындағы қажетті кезең, онда 
табиғатқа айнала отырып, ол өзінің шынайы мәнінен ажырап, ақырғы 
сезімдік, тәндік заттар түрінде көрінеді. Өзінің тарихи дамуында 


199
Табиғат адамды, сонымен бірге адамның рухын тудырады. Табиғаттың 
мақсаты – қиял-ғажайып құс Феникс сияқты тікелей сезімдік кезең 
арқылы өте және өзін күлге айналдырып жағып жібере отырып, кері 
қарай – өзіне рух болып оралу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет