ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет175/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   382
Байланысты:
Философия

бірінші
орынға 
өнерді
, эстетикалық сананы қояды. Өнерде бастапқыда ашылған және 
сезінген нәрсе кейін ғана ғылыми талдаудың нысанасына айналады.
Өнерде ең бағалы шығармалар тудырған даналар әрекет етеді. Да-
налар еркін, мазасыздық пен қуанышқа толы шығармашылық өмір 
сүреді. Олар алдарына үлкен мақсаттар қойып, оларды жүзеге асыра-
ды – дүниеге мәдениеттің бірегей туындылары келеді. Бірақ олар 
өз туындыларын дүниеге қалай алып келді? Бұл сұраққа олар жал-
тарма жауап қайтарады, өйткені өнердің жасалған туындыларының 
терең себебі Даралықтың өзінде. Ойшылдың пікірінше, даналар – 
Даралықтың қолындағы қару.

Универсум – лат. universum < universalis – жалпыға бірдей + summa rerum – заттардың 
жалпы жай-күйі, яғни Ғалам; философияда – біртұтас әлем. 


197
Өнердің барлық түрлерінің ішінен Шеллинг поэзияны бәрінен 
жоғары қояды, өйткені сол арқылы Даралық өз-өзін барынша терең 
сезінуге жетеді.
XX ғасырда өмір сүрген ірі неміс философы Хайдеггер де оның 
болмыстың тым нәзік белгілерін аша алатын, бірақ философиялық та-
ным біле алмайтын поэзияға деген көзқарасын бөліседі.
Өмірінің соңына қарай Шеллинг: «Даралық – бұл Құдайдың 
жай ғана басқаша атауы», – деп мәлімдеп, теологияға бет бұрады. 
Ашылудың өз жүйесін ол христиандық аясымен ғана шектелмейтін 
теософия ретінде ойластырады. Соған байланысты ол «оң филосо-
фияны» «мифология философиясы және «Ашылу философиясы» деп 
бөледі. Оның ойынша, олар сенім мен білімді біріктіреді. Бірақ оның 
шығармашылығының бұл бөлігінің де кейінгі дінтану негіздерінің да-
муына үлкен ықпалы болды.
Шеллинг туралы әңгімемізді аяқтай келе, оның идеяларының 
кейіннен де ізбасарлар тапқанын ерекше атап өткеніміз жөн. Сол 
идеялардың әсерімен Гегельдің, Шлейермахердің, Шопенгауэрдің және 
басқа да көптеген ойшылдардың философиялық ілімдері қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет