ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет220/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   382
Байланысты:
Философия

Когеренттік
. Лат. – cohaerens – құрылысы күрделі жүйелердің 
ары қарай дамуы барысында өзара байланыста болуы, келісушілігі 
деген мағынада, яғни әлемде барлығы да бір-бірімен өзара байланыс-
та болады. Сондықтан бір қарағанда бір-бірімен байланысы жоқ бо-
лып көрінетін құбылыстар бір-бірлерімен келісілген өзара қарым-
қатынастарға түседі. Көпшілік жағдайларда ол күш жұмсалатын емес, 
«кооперативтік» мәнерде, жаңа құрылымдар мен үдерістерді туғыза 
отырып орын алады. Бұл қағида бір немесе басқа үдерістердің пайда 
болуында қажеттіліктердің тоғысатыны туралы ескі үлгіні мойында-
майды, керісінше, олардың ішкі әлеуеттіліктерінен шығатын осындай 
өзара әрекеттердің шығармашылық сипатын растайды.
Жүйесіздік
. Классикалық ғылымда барлығы да қатаң заңдарға 
бағынады. Егер бір немесе басқа үдерістердің бастапқы кезеңдері белгілі 
болғанда, олардың дамуының келесі кезеңдерін болжап айтуға болу-
шы еді. Енді бұндай тұжырымдаманың шектеулілігі анықталды. Әлем 
алдын ала берілген заңдылықтардың негізінде дамымайды, ал оның 
жаңа сапаға өзгеруі көп жағдайда «Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтыққа» 
байланысты. Бір немесе басқа құбылыс тең салмақты емес күйге және 
бифуркация (екіге бөліну) нүктесіне жетіп, әртүрлі флуктуацияларды 
(жүйе шектерінен шығып кететін әлдебір «ашу-ыза») тудырады. Ал 
сол кезде оның ары қарай жетілуінің сансыз мүмкіндіктерінің, жаңа 
сапаға өтуінің ішінен өзінің тарихи жолын есепке алу негізінде жаңа 
жағдайға бейімделуге келтіретіні ғана жеңіске жетеді. Соған байла-
нысты, Пригожин мен Стенгерстің жорамалынша, болашақта физика 
табиғаттың әртүрлі құрылымдарының қоршаған ортаға бейімделуі 
формасын зерттейтін ғылымға айналатын болады.


245
Көрнекілікті жоғалту.
Ғылыми білімнің артуы жинақталған 
фактілердің жиынын қорыту негізінде емес, математикалық есептеу-
лер негізінде алынған кеңейтілген синтез арқылы болады, сол себепті 
бастапқы көрнекілік жоғалады; ғалымдар әлем нысандарының терең 
құрылымына бойлай түскен сайын, олардың зерттелетін нысандардың 
қасиеттері мен сапаларын тікелей бақылауының, тәжірибе жолымен 
анықтауының мүмкіндігі азая береді. Егер классикалық ғылымда 
дәлме-дәл және қатаң білім алуға ұмтылу маңызды болса, енді оған 
қол жеткізудің мүмкін еместігі анықталады. Сондықтан ықтимал білім 
алуға көп көңіл бөлінетін болды. 
Оның үстіне, теориялық тұрғыда алынған білімдердің 
негізгі белгілері қарапайымдылық, симметриялық, когеренттік, 
эвристикалық
1
, болса, ал іс жүзінде – пайдалылық, тиімділік, нақты 
өмірде қолданушылық және т.б. қасиеттерге назар аударылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет