ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет245/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   382
Байланысты:
Философия

Фридрих Шлейермахердің
(1768-1834) еңбегі. Ол 
үшін, қандай мәтіндер туралы сөз болып отырғанына қарамастан, гер-
меневтика – 
түсіндірудің жалпыға бірдей, ортақ теориясы
, өйткені 
түсіндіру ережелері бірыңғай. Оның анықтамасы бойынша, герменев-
тика – ол мақсаты жазбаша құжаттарды түсіну мүмкіндігі шарттарын 
көрсетуден тұратын «түсіну ережелерінің өзара байланысы туралы» 
ілім.
Кез келген жазбаша құжат – екі табиғаты бар тілдік құрал: бір 
жағынан, ол тілдің жалпы жүйесінің бір бөлігі, ал, екінші жағынан, 
әлдебір жеке тұлға шығармашылығының өнімі. Сол себепті герменев-
тиканың алдында екі міндет тұр:
а) тілдік құралды белгілі бір тіл жүйесінің элементі ретінде зерттеу 
(мәтіннің қандай уақыт кезеңіне жататынына байланысты);
ә) соның артында тұрған бірегей субъектіні табу (кім мәтін авторы 
бола алады).
Ол міндеттің бірінші бөлігін «объективтік» («грамматикалық») 
түсіндіру орындаса, ал екіншісін «техникалық» («психологиялық») 
түсіндіру өзіне алады.
Шлейермахер түсіну үдерісінің айналма сипатына («герменевтика 
шеңбері») назар аударады: бөлшекті (мысалы, жеке бір сөзді) түсіну – 
бүтінді (атап айтқанда, сол сөз кіретін сөйлемді) түсініп алмайын-
ша мүмкін болмайды. Бірақ бүтінді түсіну, өз кезегінде, бөлшектерді 
түсінуді қажет етеді.
Герменевтиканың қалыптасуының маңызды бөлігі неміс филосо-
фы, тарих мектебінің өкілі
Вильгельм Дильтейдің
(1833-1911) «өмір 
философиясы» болды. Ол герменевтиканы 
ерекше әдістемелік қызмет


271
ретінде түсінді. «Түсіну» таным теориясының жеке саласы емес, – 
жалпы гуманитарлық білімнің («рух туралы ғылым») іргетасы деп са-
найтын тезисті жүйелі дамыту – Дильтейдің еңбегі.
Герменевтика негізі деп Дильтей 
«түсінетін психологияны»
, ал сол 
арқылы бір немесе басқа ұрпақтың жан дүниесі мен рухани өмірінің 
тұтастығын түсінуді санайды.
Герменевтика тарихындағы «су айырғыш» М.Хайдеггердің (1889-
1976) «Болмыс және уақыт» (1927) деген еңбегі болды. Түсіну бұл 
жерде таным тәсілі ретінде емес, болмыс тәсілі іспетті әрекет етеді. 
Сол арқылы герменевтика 
онтологиялық мәртебе иеленеді
. Ол тек 
гуманитарлық танымның ғана қосымша пәні немесе әдістемесі бо-
луын тоқтатып, 
«түсінудің жан-жақты философиясына» 
айналады. 
Дәл осы қорытындыны Хайдеггер еңбегінен 1960 жылдардың басын-
да 
философиялық герменевтика тұжырымдамасын
алға тартқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет