ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет241/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   382
Байланысты:
Философия

әлдебір игілік
– ғылым, өнер, біртұтастық, еркін қауымдастық, 
сүйіспеншілік әлемі, ғажайып әлемі;
ә) 
субъектіге әлдебір көзқарас
– ой-пікір, түйсік, өзгеше қадірлеу, 
дербес әрекет, бірігу;
б) 
әлемнің белгілі бір түйсігі
– интеллектуализм, эстетизм, мисти-
цизм, морализм, эвдемонизм, теизм немесе политеизм.
Әсер ету күші және беделділігі бойынша неокантиандық артына 
сол заманғы философиялық мектептер мен ағымдарды ғана қалдырып 
қойған жоқ, сонымен қатар мәдени, әлеуметтік өмірдің барлық сала-
ларын, тіпті теология, әлеуметтену және жұмысшы қозғалысын да 
түгелдей айқындайтын әлдебір іргелі дүниетаным рөліне деген өз 
пікірлерінде философия шектерінен шығып кетті.
8.6. Феноменология және оның екі тармағы
Феноменология
(гр. phenomenon – құбылыс) – ол оқиғалар мен іс-
әрекеттерді сол қалпында суреттеуге ұмтылатын философиялық мек-
теп. Оның өткір сыны нақты деп жаратылыстану ғылымдары сипаттап 
бергенді ғана қабылдау үрдісіне қарсы бағытталған. Феноменология біз 
пайдаланатын күнделікті заттарды олар алдымызда қалай тұрса, солай 
етіп сипаттауға тырысады (мысалы, қарындаш атомдардың жиынтығы 
ретінде емес, өзінің тікелей қолданылу қызметіне қарай сипатталады).
Феноменология ғылыми онтологияға негізделген, яғни жараты-
лыстану ғылымдарының түсінігі ғана заттарды қалай болып табыла-
тынына қарай қамтитын теорияға сәйкес бірмөлшерлі стандарттауға 
қарсы тұрады. Ал іс жүзінде бұл тіпті де олай емес.
Феноменология құбылыстарды, яғни күнделікті тіршілікке қажетті 
заттарды ғана емес, сонымен қатар адамдардың әртүрлі жағдайларда 
қалай көрінгісі келетін ниеттерін де суреттейді: оның Ғаламды оған 
тән барлық сапа-қасиеттерімен бірге толық және әр қырынан қайта 
құрғысы келеді.
Осы заман феноменологиясы, қалай болғанда да, соның негізгі 
ұстаным-дарын әзірлеген неміс философы және математигі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет