ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет261/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   382
Байланысты:
Философия

адамның көзге елестетуі
енді оның санасына анағұрлым жақын, 
өйткені заттар көз алдыңызда жоқ, бірақ сіз оны елестете аласыз. 
Мысалы, ата-анаңыздың үйін, жақсы досыңызды, сүйікті затыңызды 
көз алдыңызға елестету қиын емес. Бұл жерде де, қабылдаудағыдай, 
заттың немесе құбылыстың 
аса маңызды жақтары
ғана елес береді. 
Адам психикасының ең ғажап қасиеті – өткенді есте сақтау қабілеті. 
Мағлұматтың есте сақталуында оның негізгі екі түрін: 
сезімдік бейнені 
және сөз-түсінік формасын
ажыратып көрсетуге болады.
Сонымен, сезімдік таным 
заттардың айнадағыдай бейнесін 
бермейді, оның қалыптасуына мұқтаждықтар мен мүдделер, мақсат 
пен мұраттар, сезімдік күйзелістер, қысқасы, адамның барлық мән-
мағыналы күштері ықпал етеді.
Енді 
дерексіз (абстрактілік) ойлау
формаларына келейік. Оларға 
түсініктер, пайымдар мен ой тұжырымдары
жатады. Түсініктен 
бастайық. Онда адамға қажетті заттар мен құбылыстардың жалпы, 
маңызды, керек жақтары көрінеді. Кезінде Г.Гегель өте бейнелі түрде: 
«Түсінік – табиғаттың жаны»
, – деп анықтама берген. Түсініктің 
мазмұнына белгілі бір топтың көптеген заттарының маңызды 
қасиеттері кіреді. Түсініктер, бір жағынан, қоршаған әлемнің зат-
тары мен құбылыстарының сапаларын олардың бізге қажетті өзара 
байланыстарының бар мүмкіндігін, ал, екінші жағынан, адам ойы та-
нып білетін әлемнің белсенділігі мен қуатын, нәтижелілігін көрсетеді.
Түсініктерді бір-бірлерімен ұштастыра отырып, адам белгілі бір 
пікірге келе алады. Ол 
пайым
деп аталады. Егер: Адам – ойлайтын тірі 
тіршілік иесі», – десек, онда біз ол туралы белгілі бір пайымымызды 
немесе пікірімізді айтқан боламыз. Бірнеше пайымды бір-бірлерімен 
ұштастыра айтып, 
ой тұжырымына
келуге болады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет